ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Колумбияда әскери ұшақ апатынан кемінде 66 адам қаза тапты
Эквадор шекарасына жақын аймақта 114 әскери қызметкер мен 11 экипаж мүшесін тасымалдаған «Hercules C-130» әскери ұшағы апатқа ұшырады.
Колумбияда әскери ұшақ апатынан кемінде 66 адам қаза тапты
Колумбияда әскери ұшақ апатынан кемінде 66 адам қаза тапты / AFP
24 Наурыз 2026

Әскери дереккөздің «AFP» агенттігіне хабарлауынша, Колумбияның оңтүстігінде 125 адамды тасымалдаған әскери ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан кемінде 66 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алған.

«Hercules C-130» ұшағы Эквадордың оңтүстік шекарасына жақын Пуэрто-Легисамо қаласынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай құлаған. Өртке оранған ұшақ қалдықтары орманды аумаққа шашылған.

Колумбия Әуе күштеріне тиесілі ұшақ Пуэрто-Легисамо мен Амазон аймағындағы басқа бір әскери бекетке 114 әскери қызметкер мен 11 экипаж мүшесін апара жатқан.

Генерал Карлос Фернандо Сильва Руэда борттағы адамдардың жалпы санын растады. Билік өкілдерінің мәліметінше, апаттан әзірге 48 адам құтқарылған, ал 21 адамның жағдайы әзірге белгісіз.

Мемлекет басшысы Густаво Петро алғашқы мәлімдемесінде апаттың себебі әзірге белгісіз екенін айтты.

Қорғаныс министрі Педро Санчес бұл қайғылы оқиғаға байланысты қатты қайғырғанын айтып, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы топтың жіберілгенін мәлімдеді.

Ол «X» әлеуметтік желісінде «Зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтамын және ресми ақпарат шыққанға дейін алып-қашпа әңгімелерден аулақ болуды сұраймын», – деп жазды.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларда ағаштардың үстінен түтін мен жалын көтеріліп жатқан сәтте тұрғындардың ұшақтың сынған артқы бөлігі маңында жүргені көрінеді.

Соңғы апталарда бұл шекаралық аймақта Колумбия мен Эквадор күштері есірткі тасымалымен айналысатын картельдерге қарсы күрес жүргізіп, әскери белсенділік күшейген.

Бұл апат Оңтүстік Америкада соңғы бір ай ішінде «C-130 Hercules» ұшақтарының қатысуымен болған екінші апат ретінде тіркелді.

27 ақпанда Ла-Пас маңында Боливияға тиесілі әскери жүк ұшағы құлап, кемінде 24 адам қаза тапқан болатын.

«Hercules C-130» — америкалық «Lockheed Martin» компаниясы шығарған төрт қозғалтқышты турбовинтті ұшақ. Ол уақытша әуежайлардан ұшып-қона алу мүмкіндігімен танымал және әлемнің көптеген елінің қарулы күштері кеңінен қолданады.

Іздеу
Түркияның бұрғылау кемесі Сомалиде тарихи миссиясын бастады
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран сынағын өткізді
БҰҰ Бас хатшысы Израильдің Ливанға шабуылдарын айыптады
Израиль 6 апталық үзілістен кейін Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін қайта ашады
АҚШ армиясы «нақты келісім» толық орындалғанға дейін Иран және оның айналасынан кетпейді
Ливан  бір күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады
«Хезболла» ұйымы Израильдің солтүстігіне зымыран шабуылын жасады
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
«Қытай, Ресей, Түркия және Пәкістан Таяу Шығыста бейбітшілік үшін күш біріктіре алады»
Израиль оппозициясы Нетаньяхудың ісі «саяси және стратегиялық сәтсіздік» деді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
Трамп Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АҚШ-тың рөліне назар аударды