ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
TİKA Керкуктегі Алтынкөпір шейіттері зиратында қалпына келтіру жұмыстарын бастады
Алтынкөпір қалашығында балалар мен қарттарды қоса алғанда 100-ден астам түрікмен қаза тапқан еді.
TİKA Керкуктегі Алтынкөпір шейіттері зиратында қалпына келтіру жұмыстарын бастады
TİKA Керкуктегі Алтынкөпір шейіттері зиратында қалпына келтіру жұмыстарын бастады

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) Ирактың Керкук қаласына қарасты Алтынкөпір қалашығындағы Алтынкөпір шейіттері зиратында қалпына келтіру жұмыстарын бастады.

Ирак Түрікмен майданының Алтынкөпір бюросының басшысы Зеки Ибрахим Шейха «AA» тілшісіне берген сұқбатында қалашық орталығындағы Алтынкөпір құрбандарына арналған зират пен ескерткішті жөндеуге кіріскені үшін TİKA-ға алғыс айтты.

Шейха ескерткіштің Саддам Хусейн режимі құлағаннан кейін 2003 жылы салынғанын және содан бері ешқандай жөндеу жұмысы жүргізілмегенін атап өтті.

Ол бұл зираттың түрікмендер үшін рухани маңызы айрықша екенін айтып, «Зират күн өткен сайын тозып жатыр. TİKA-ның қалпына келтіру жұмыстарын бастағанына ризамыз. Бұл жер Алтынкөпір тұрғындары мен түрікмендер үшін өте қымбат», – деді.

Шейханың айтуынша, қалпына келтіру аясында зираттың айналасы абаттандырылып, демалыс орындары жасалған. Сондай-ақ қаза тапқандардың есімдері жазылған мәрмәр тақта ескерткіштің ортасына орнатылған.

Ол бұл жұмыстарға үлес қосқан Ирак Түрікмен майданына да алғыс білдірді.

Алтынкөпір қырғыны

Ирактың бұрынғы басшысы Саддам Хусейнге қарасты әскерлер 1991 жылдың 28 наурызында Керкуктен солтүстікке қарай 44 шақырым жерде орналасқан Алтынкөпір қалашығында балалар мен қарттарды қоса алғанда, 100-ден астам түрікменді өлтірген еді.

Түрікмендер жыл сайын 28 наурызда Алтынкөпір қалашығындағы шейіттер зиратында еске алу рәсімін өткізіп, қырғын кезінде қаза тапқандарды еске алады.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді