АҚШ президенті Дональд Трамп үш күндік ресми сапармен ел астанасы Вашингтонға келген Қытай төрағасы Си Цзиньпинді әуежайда қарсы алды.
Вашингтон маңындағы Джойнт-Бейс-Эндрюс әуежайында өткен әскери рәсімде Трамп шетелдік мемлекет басшысын әуежайда өзі қарсы алды.
Трамп Симен көптеген мәселені талқылайтынын айтты
Рәсімнен кейін Ақ Үйге оралған Трамп Сидің сапары кезінде Иран мәселесінің талқылануы туралы: «Бұл мәселені және басқа да көптеген мәселені талқылаймын. Алайда барлығы, соның ішінде ол да (Иран дағдарысы) ойдағыдай жүріп жатыр», — деп жауап берді.
АҚШ Президенті Трамп бейсенбі, 24 қыркүйекте Қытай төрағасы Си мен оның жұбайы Пэн Лиюаньді Ақ Үйде әскери шерумен қарсы алады.
Екі көшбасшының келіссөздерінен кейін кешкі уақытта Трамп Сидің құрметіне дастарқан жаяды.
Екі көшбасшы жұма күні Ақ Үйде қайта кездеседі деп жоспарлануда.
Си 2015 жылдан бері Вашингтонға алғаш рет ресми сапармен барды.






















