САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ұлыбритания «F-35A» ұшағын сатып алмақ
Ұлыбританияның «F-35A» ұшағын сатып алуы және НАТО-ның ядролық миссиясын қолдау туралы шешімі - премьер-министр Стармердің еуроатлантикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған күш-жігерінің бір бөлігі.
Ұлыбритания «F-35A» ұшағын сатып алмақ
/ Reuters

Ұлыбритания кем дегенде 12 ядролық қару тасымалдауға қабілетті «F-35A» жойғыш ұшағын сатып алып, НАТО-ның әуедегі ядролық миссиясына қосылуды жоспарлауда.

Ресми дереккөздердің хабарлауынша, премьер-министр Стармер сәрсенбі күні Нидерландыда өтетін НАТО саммитінде бұл туралы мәлімдеме жасап, мүше мемлекеттерді одақтағы міндеттемелерін күшейтуге шақырады деп күтілуде.

«F-35A» ұшағы негізгі қару-жарақты тасымалдау мүмкіндігіне ие, қажет болған жағдайда АҚШ-та жасалған ядролық бомбалармен де жабдықталады.

Американың «Lockheed Martin» компаниясы шығарған бесінші буын «F-35A» жойғыш ұшағы - әлемдегі ең озық, әрі ең қымбат ұшақтардың бірі.

«Белгісіздік дәуірінде біз енді бейбітшілікті кепіл деп қабылдай алмаймыз. Сондықтан үкіметіміз ұлттық қауіпсіздігімізге инвестиция салуда», - деді Стармер.

Даунинг-стрит бұл қадамды «Ұлыбританияның ядролық ұстанымындағы ең ірі күшею» деп сипаттады.

«Ұлыбританияның НАТО алдындағы міндеттемесі, сондай-ақ одақтың Ұлыбританияның қауіпсіздігін сақтауға қосқан үлесі сөзсіз. Алайда біз еуроатлантикалық аумақты болашақ ұрпаққа сақтау үшін көбірек жұмыс істеуіміз керек», - деді Стармер.

Сонымен қатар Стармер бұл қадам 100 кәсіпорынға пайда әкелетінін және ел бойынша 20 000 жұмыс орнын қамтамасыз ететінін айтты. Бұл әлемдегі көшбасшы Ұлыбритания әуе күштері үшін жаңа дәуір деп сипаттады.

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте бұл мәлімдемені «Ұлыбританияның НАТО-ға қосқан тағы бір үлкен үлесі» деп атады.

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді