ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ–Израиль шабуылдарынан 926 адам қаза тапты
Министрлік өкілі Хоссейн Керманпур қаза тапқандардың 180-і балалар екенін, олардың арасында бір жасар сәби де бар екенін растады.
АҚШ–Израиль шабуылдарынан 926 адам қаза тапты
АҚШ–Израиль шабуылдарынан 926 адам қаза тапты / Reuters
 

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі елде АҚШ пен Израиль бірлесіп жасаған шабуылдар салдарынан қаза тапқан адам саны 926- ға жеткенін хабарлады.

Министрлік өкілі Хоссейн Керманпур 28 ақпан мен 4 наурыз аралығында жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін жасалған шабуылдарда 6 186 адамның жараланғанын айтты.

“X” платформасында жарияланған мәлімдемеде Керманпур жараланғандардың 2 054-і қазіргі уақытта ауруханаларда ем алып жатқанын айтты.

Керманпур жараланғандарға осы уақытқа дейін 502 хирургиялық ота жасалғанын да қосты.

Министрліктің мәліметінше, қаза тапқандардың 13 пайызы — әйелдер, 87 пайызы — ер адамдар.

Керманпурдың айтуынша, қаза тапқандардың 180-і 18 жасқа толмаған, олардың ішінде бес жасқа толмаған үш бала бар.

Израиль мен АҚШ сенбі күнінен бері Иранға қарсы ауқымды шабуылдарын жалғастырып келеді. Бұл шабуылдарда жүздеген адам қаза тапқан, олардың қатарында Жоғарғы жетекші Әли Хаменеи мен жоғары лауазымды тұлғалар да бар.

Ал Иран өз кезегінде Израильге және АҚШ әскери күштері орналасқан Парсы шығанағы елдеріне қарсы дрон мен зымыран арқылы соққы беріп жауап қайтарды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран Израиль мен Шығанақтағы АҚШ базаларын нысанаға алды
Іздеу
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»