САЯСАТ
1 ... минут оқылды
БҰҰ Ресей мен Украинаның бір-біріне жасаған шабуылдарына алаңдаулы
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк Ресей мен Украина арасындағы соғыс барысында тараптардың бір-біріне жасаған шабуылдарына қатты алаңдап, бұл жағдайдың үрей туғызатынын мәлімдеді.
БҰҰ Ресей мен Украинаның бір-біріне жасаған шабуылдарына алаңдаулы
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк

Фолькер Тюрк Ресей мен Украинаның өзара шабуылдарына қатысты жазбаша мәлімдеме жариялады.

Ол: «Жергілікті биліктің мәліметінше, бүгін Краматорск қаласында екі автобусқа жасалған шабуылдан кемінде 30 бейбіт тұрғын қаза тапты. Соңғы төрт күнде Украина аумағында бейбіт тұрғындардың өліміне әкелген шабуылдар мені қатты алаңдатып отыр», – деді.

Тюрк елдің түрлі аймақтарында адамдардың қаза тауып, жаралануына себеп болған шабуылдарды айыптады.

Оның айтуынша, 5 қазаннан бері Ресей шабуылдары салдарынан 85-тен астам бейбіт тұрғын қаза тауып, 346 адам жараланған.

Сондай-ақ қосалқы электр станциялары мен энергия өндіру нысандарына алыс қашықтықтан жасалған соққылар салдарынан Украинаның көптеген өңірі жарықсыз қалғанын атап өтті. Суық түсіп, күн қысқарған сайын электр энергиясына сұраныс артатынын ескерткен Тюрк Украинада қазірдің өзінде төтенше және кезекпен электр қуатын өшіру шаралары қолданылып жатқанын айтты. 

Фолькер Тюрк халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес бейбіт тұрғындар ерекше қорғауда болатынын және оларды ешқашан нысанаға алуға болмайтынын баса айтты. Ол қақтығысқа қатысушы тараптар бейбіт халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үнемі сақтық шараларын қабылдауға міндетті екенін атап өтті.

«Заң бұзушылықтар туралы мәліметтер тергеліп, кінәлі деп танылғандар жауапқа тартылуы тиіс. Бейбіт тұрғындарға қасақана жасалған шабуылдар соғыс қылмысы болып саналады», – деді ол.

 

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады