ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Венесуэлаға іздестіру-құтқару тобын жібереді
Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністерінен кейін Түркиядан іздестіру-құтқару және гуманитарлық көмек топтарын жеткізетін екі әскери ұшақ бүгін Стамбулдағы Ататүрік әуежайынан аттанады.
Түркия Венесуэлаға іздестіру-құтқару тобын жібереді
Түркия Венесуэлаға іздестіру-құтқару тобын жібереді

Алынған мәліметке сәйкес, 2026 жылдың 25 маусымында Венесуэланың Яракуй өңірінде Түркия уақытымен сағат 01:04-те 7,2 және 01:05-те 7,5 балдық екі жер сілкінісі болғаннан кейін Түркия шұғыл әрекетке көшті.

ҚатыстыВенесуэлада 7,5 және 7,2 баллдық жойқын жер сілкіністері болды - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының үйлестіруімен Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық қорғаныс министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Президент әкімшілігінің қауіпсіздік істері бас басқармасы бастаған мекемелер арасында байланыс орнатылып, көмек көрсету дайындықтары аяқталды.

38 адамнан тұратын іздестіру-құтқару және гуманитарлық көмек тобы жолға шықпақ

Бас штабпен жүргізілген үйлестіру аясында бөлінген «A-400M» әскери ұшақпен Измир және Денизлиден 37 адамдық Апат және төтенше жағдайлар басқармасының іздестіру-құтқару және гуманитарлық көмек тобы, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты 6 адамдық Ұлттық медициналық құтқару тобы, Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамынан 2 гуманитарлық көмек қызметкері, 2 іздеу иті және толық жабдықталған 3 іздестіру-құтқару көлігі апат аймағына жіберілмек.

Сыртқы істер министрлігі мен Түркияның Венесуэладағы елшілігі арқылы аймақтағы жағдай мен қажеттіліктерді бағалау үдерісі мұқият қадағаланып отыр.

Іздеу
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
Президент Ердоған: "Аймақта тұрақсыздыққа төзбейтінімізді досқа да, дұшпанға да жарияладық"
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті