Түркиялық дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасты
TİKA ұсынған заманауи медициналық жабдықтар Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына табысталды.
Түркиялық дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасты
Түркиялық дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасты

Түркиядан Қазақстанға барған  5 комбустиолог маман Алматыда өткен оқу бағдарламасы аясында қазақстандық 40 комбустиологқа заманауи емдеу және хирургиялық әдістер бойынша дәріс өткізіп, операциялар барысында өзара тәжірибе алмасты.

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен, Медицина ғылымдары университеті мен Қазақстанның Ұлттық медицина қауымдастығының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен «Комбустиология бойынша оқыту» бағдарламасы сертификат табыстау рәсімімен аяқталды.

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ұйымдастырылған бағдарламаға Қазақстанның әр өңірінен 40 комбустиолог қатысты.

Түркиядан келген тәжірибелі 5 дәрігер оқу барысында күйікті бағалау және емдеу, хирургиялық тәсілдер, жараны емдеу, тері трансплантациясы, науқасты қадағалау және осы саладағы заманауи әдістер бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізді.

Бағдарлама аясында теориялық біліммен қатар тәжірибелік операциялар да жүргізілді. Түркиялық және қазақстандық мамандар операцияларға бірге қатысып, науқастардың жағдайын бағалады, клиникалық жағдайлар бойынша пікір алмасты және науқастарға кеңес берді.

Бағдарлама барысында түрлі дәрежедегі күйіктерді хирургиялық жолмен емдеу, жараны емдеу тәсілдері және реконструктивті хирургия әдістеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар мамандар арасында өзара білім мен тәжірибе алмасу жүзеге асты.

TİKA күйікті емдеу, жараны күту және тері трансплантациясы кезінде қолдануға арналған заманауи медициналық жабдықтарды Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына табыстады.

Іздеу
Президент Ердоған Аустрия канцлері Штокермен Анкарада кездесті
Ресейдің Украинаға зымыран шабуылдары күшейді
Стамбул әуежайы рекорд жаңартты
Түркия Колумбияға көңіл айтты
Түркияда терроризмді тоқтатуға бағытталған заң жобасы Мәжілісте талқылана бастады
Түркияның Шырнак қаласында "TEKNOFEST" дрон жарысы басталды
Хакан Фидан Франция және Германия Сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті
Израиль жаралаған 13 жастағы палестиналық қыз көз жұмды
Кувейт Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы қорғаныс келісіміне байланысты Пәкістанды құттықтайды
“Meta” балаларға келтірілген зиянға байланысты АҚШ-та жаңа сот ісіне тап болды
Солтүстік Корея Ресейге 50 мың сарбаз жібереді
Ұлыбритания экологиялық таза көлік технологияларын дамытуға 175 миллион доллар бөледі
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Украина Татарстан Республикасына дронмен шабуылдады
Иран: “АҚШ міндеттемелерді орындамайынша, келіссөздер қайта басталмайды”