САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Тяньцзинде ШЫҰ саммиті басталды
Саммит соңында лидерлердің қорытынды құжаттармен бірге Тяньцзинь декларациясына қол қойып, 10 жылдық стратегияны бекітуі күтілуде.
Тяньцзинде ШЫҰ саммиті басталды
/ Reuters
 

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) 25-ші саммиті дүйсенбі күні Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласында басталды. Ашылу салтанатында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин сөйледі.

Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымындағы барлық тараптармен бірлесе жұмыс істеп, аймақтық қауіпсіздік форумын жаңа деңгейге көтеруді мақсат еткенін айтып, жаңа ғаламдық қауіпсіздік тәртібі жөніндегі ұстанымын жеткізді.

Саммиттің ашылуында Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинде өтіп жатқан екі күндік жиында 20-дан астам әлемдік лидерге үн қатқан Си форумның сыртқы араласуларға ашық түрде қарсы екенін атап өтіп, Ынтымақтастық ұйымы жаңа халықаралық қатынастар үлгісін қалыптастырып жатқанын жеткізді.

Қытай Төрағасы әлемдік тәртіптегі «зорлық-зомбылықты » сынап, лидерлерді «әділдік пен әділеттілікті ұстануға, Қырғи-қабақ соғыс логикасына, қақтығыстарға және зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсы тұруға» шақырды.

«ШЫҰ біздің алып нарықтарымыздың әлеуетін толық пайдалану керек», – деген Си АҚШ-тың кедендік тарифтеріне назар аударып, экономикалық ынтымақтастық, әділдік және әділеттілік тақырыптарына ерекше назар аударды.

Си биыл ШЫҰ мүше елдеріне 2 миллиард юань (280,4 миллион доллар) грант бөлуге уәде берді

Қытай сондай-ақ алдағы үш жыл ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Банкаралық консорциумына мүше банктерге 10 миллиард юань (1,4 миллиард доллар) қосымша несие беретінін мәлімдеді.

Ресей Президенті Владимир Путинді қоса алғанда он мүшелі блоктың көшбасшылары ресми мәлімдемелерін жасамай тұрып, Тяньцзинь қаласында бірге суретке түсті. Бұл сәттер теледидар кадрларынан көрсетілді.

Саммит соңында лидерлердің қауіпсіздік, сауда, энергетика және мәдени ынтымақтастыққа қатысты қорытынды құжаттармен бірге Тяньцзинь декларациясына қол қойып, 10 жылдық стратегияны бекітуі күтілуде.

Сонымен қатар саммит Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуына байланысты да мәлімдемелер жариялайтын болады.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»