ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Непал су тасқынынан кейін әлемге үндеу жасады
Непал премьер-министрі тамыз айында кемінде 1 400 адамның қаза табуына себеп болған алапат су тасқынының «тек жергілікті трагедия» емес, «бүкіл әлемге жасалған ескерту» екенін айтты.
Непал су тасқынынан кейін әлемге үндеу жасады
Непал премьер-министрі Балендра Шах БҰҰ штаб-пәтерінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-сессиясында сөз сөйлеуде, 2026 ж 24 қыркүйек. /AP
 

Непал премьер-министрі Балендра Шах БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде тамыз айында кемінде 1 400 адамның қаза табуына себеп болған алапат су тасқынының «тек жергілікті трагедия» емес, «бүкіл әлемге жасалған ескерту» екенін айтты. Ол әлем көшбасшыларына бұл ескертуге шынымен құлақ асып отыр ма деген сауал қойды.

Шах шамамен үш жыл бұрын БҰҰ Бас хатшысының Эверест тауының етегінде тұрып, жақындап келе жатқан климаттық апат туралы ескерткенін еске салды. Оның айтуынша, Непалдағы қауымдастықтар мен әлем ғалымдары бұл ескертудің негізді екенін дәлелдермен көрсеткенімен, үндеу «жеткілікті деңгейде ескерілмеді».

Непал басшысы сондай-ақ саяси көшбасшылардың бұл ескертулерге осал топтардың қажеттілігіне сай жылдам әрі ауқымды шаралармен жауап беруде салғырттық танытқанын айтты.

Шах климаттық қаржыландыру осал елдер шығу үшін жылдар жұмсайтын «жаңа бюрократиялық лабиринтке» айналмауға тиіс екенін атап өтті. Ол үй өртеніп жатқанда отбасынан алдымен 50 құжат толтыру талап етілмейтінін мысалға келтірді. Сондай-ақ Бас Ассамблеяны тек көмек көрсету, қалпына келтіру және қайта құру мәселелері бойынша ғана емес, «жауапкершілік, өтемақы және төзімділік» бағытында да әрекет етуге шақырды.

«Бұл жеке-дара апат емес»

АҚШ осы аптада Непалдың су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына 31 миллион доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жариялады. Осылайша елге көрсетілген көмектің жалпы көлемі 36 миллион долларға жетті. Алайда бұл Непалға қажетті қаражаттың бір пайызынан да аз.

Непал сыртқы істер министрі Шишир Ханал БҰҰ-ның климат жөніндегі саммитінде сөйлеген сөзінде апаттан келген шығын 5 миллиард доллардан асқанын айтты. Бұл Непалдың жалпы ішкі өнімінің шамамен 15 пайызына және жылдық бюджетінің үштен біріне тең.

Ханал бұл жағдайды тек гуманитарлық төтенше жағдай ғана емес, сонымен қатар даму дағдарысы, климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық іс-қимылдағы теңсіздікті көрсететін әділет дағдарысы және Непал қоғамы үшін экзистенциалды қауіп деп сипаттады.

Іздеу
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
БҰҰ: «Сирияны қайта қалпына келтіруге 216 миллиард доллар қажет»
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
Иран АҚШ-тың Кешм аралына жасаған шабуылдары туралы ақпарат берді