ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан кемінде 12 адам қаза тапты
Бейсенбі күні таңертең Ресей Киевтің тұрғын үй аудандарына зымыран және ұшқышсыз әуе аппараттарымен соққы жасады. Шабуыл салдарынан бес қабатты үй қирап, бір сауда орталығы нысанаға алынды.
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан кемінде 12 адам қаза тапты
/ AA

Ресейдің зымырандары мен ұшқышсыз әуе аппараттары бейсенбі күні таңертең Украина астанасы Киевтегі тұрғын үйлерді нысанаға алды. Шабуыл салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, 48 адам жараланды. Украина Президенті Владимир Зеленский бұл әрекетті «бейбіт келіссөзге жасалған ашық құрметсіздік» деп атады.

Киевтің әскери әкімшілігі қаза тапқандар мен жараланғандар санын растады. Киев әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченко қаза тапқандардың саны 12-ге жеткенін, олардың арасында 2, 14 және 17 жастағы үш баланың бар екенін хабарлады. Ол «Telegram»-дағы мәлімдемесінде: «Дұшпанның шабуылынан қаза тапқандар саны 12-ге жетті. Өкінішке қарай, олардың ішінде үш бала бар», – деді.

Киевтің қалалық прокуратурасы таңертеңгі шабуылдың зардаптары қаланың сегіз ауданында тіркелгенін мәлімдеді. Бұл - Дарницкий, Днепровский, Соломенский, Шевченковский, Голосеевский, Оболонский, Святошинский және Деснянский аудандары.

Дарницкий ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі қирады. Үйінді астында қалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Жақын маңдағы биік үйлердің терезелері сынып, көліктер зақымданған және жеке меншік нысандар да қираған.

Таңертең қала тұрғындары мен төтенше жағдай қызметтері көшелерді әйнек сынықтары мен құрылыс қалдықтарынан тазалады. «AFP» тілшісі Киевтегі бес қабатты тұрғын үйдің ортасында үлкен шұңқыр пайда болғанын хабарлады. Зеленский жариялаған видеоларда ғимараттың қақ айырылғанын көруге болады.

Зеленский әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде: «Ресей келіссөз үстелі орнына баллистикалық зымырандарды таңдауда. Соғысты аяқтаудың орнына адам өлтіруді жалғастыруды жөн көруде. Бұл Ресейдің әлі де салдардан қорықпай отырғанын көрсетеді», – деді.

Зеленский Украина одақтастарынан Ресейді қатаң айыптап, жаңа санкциялар енгізуді талап етті. Сондай-ақ Ресейдің одақтасы Қытай мен ЕО мүшесі Венгрияны Мәскеуге қарсы қатаң ұстанымға шақырды. Президент: «Мерзімі әлдеқашан өтті, дипломатия үшін ондаған мүмкіндік зая кетті. Ресей әрбір шабуылы мен соғыстың әрбір күні үшін жауап беруі тиіс», – деді.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды