ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль армиясы екі күн ішінде Сирияның Кунейтра аймағына төрт рет кірді
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аймақта күшейген Израиль басқыншылығы салдарынан егіс алқаптары тартып алынып, ормандар жойылуда. Сондай-ақ тұтқындаулар мен жаңа әскери бақылау бекеттері көбеюде.
Израиль армиясы екі күн ішінде Сирияның Кунейтра аймағына төрт рет кірді
Израиль армиясы екі күн ішінде Сирияның Кунейтра аймағына төрт рет кірді / Reuters

Израиль әскері сейсенбі күні жасалған үш заңсыз әрекеттен кейін Сирияның Кунейтра ауылдық аймағына тағы бір рет заңсыз кіріп, елдің егемендігін бұзды.
Сирияның мемлекеттік «Al-Ikhbariya» телеарнасының хабарлауынша, Израиль күштері Расм әл-Кита ауылына бет алып, онда әскери бақылау-өткізу бекетін орнатты. Нәтижесінде тұрғындардың қозғалысы шектелді.

Сирияның ресми «SANA» ақпарат агенттігі де Израиль әскері Әбу Гара ауылы мен Суэиса қыстағын жалғайтын жолда тағы бір бақылау бекетін орнатқанын хабарлады. Аталған ақпаратқа байланысты Израиль армиясы да, Сирия билігі де ешқандай түсініктеме берген жоқ. Сейсенбі күні Израиль әскері ауылдық аймаққа үш рет басып кіріп, Ум Батина мен Жаба ауылдарының арасына әскери бақылау бекетін орнатып, жолдан өткен азаматтарды тексерген болатын.

Кунейтрада шиеленістің күшеюі

Израильдің Кунейтраға басып кіру әрекеттері соңғы уақытта жиілеп кетті. Жергілікті тұрғындар Израиль әскерлерінің егіс алқаптарына қарай жылжып бара жатқанын, жүздеген гектар орманның жойылғанын, азаматтардың ұсталып жатқанын және жаңа әскери бақылау бекеттерінің орнатылып жатқанын айтып шағымдануда.

Израиль армиясы бірнеше рет Сирия аумағына өтіп, әуе шабуылын жасады. Бұл шабуыл салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапты. Сондай-ақ Сирия армиясына тиесілі әскери бекіністер, техникалар, қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймалары жойылды.

Сирия президенті Ахмед Шара бұған дейін Израиль армиясының Башар Асад режимі құлағаннан бері 1 000-нан астам әуе шабуылын, 400-ден астам заңсыз кіру әрекетін жасағанын мәлімдеген болатын.

 

Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді