ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ливанда Израиль шабуылынан балалар жараланды
Бұдан бұрын Израиль Ливанның оңтүстігіндегі Саида қаласындағы палестиналық босқындар лагеріне әуе соққысын жасап, 13 адамды өлтірген болатын. Бұл шабуыл сол соққыдан кейін бірнеше сағат өткен соң болды.
Ливанда Израиль шабуылынан балалар жараланды
Ливанда Израиль шабуылынан балалар жараланды / AA

Мемлекетке қарасты «National News» агенттігінің хабарлауынша, Израильдің ұшқышсыз ұшағы Ливанның оңтүстігіндегі Набатия уәлаятына қарасты Аттиры кентінде бір көлікке екі зымыран атқан. Сол сәтте жанынан өтіп бара жатқан мектеп автобусындағы бірнеше оқушы жараланған.

Агенттіктің дерегіне сәйкес, сәрсенбі таңертең болған шабуыл кезінде мектеп автобусы нысанаға алынған көліктің артынан жүріп келе жатқан. Шабуыл салдарынан бірнеше оқушы мен автобус жүргізушісі жарақат алған.

Агенттік жараланған оқушылардың нақты саны мен жағдайы туралы мәлімет бермеді.

Бұл шабуылдан бірнеше сағат бұрын дәл сол күні Ливанның оңтүстігіндегі Саида қаласында орналасқан Айн әл-Хилуэ палестиналық босқындар лагеріне жасалған Израиль әуе соққысы кемінде 13 адамның өмірін қиған болатын.

Израиль армиясы соққының лагерь ішіндегі бір орталықты және ондағы Хамас мүшелерін нысанаға алғанын алға тартты.

Армия нысанаға алынған ғимарат Израильге қарсы шабуылдарды жоспарлау үшін пайдаланылған деп мәлімдесе, палестиналық тойтарыс тобы бұл айыптауды жоққа шығарды.

Израиль армиясы Хезболла мүшелері мен инфрақұрылымын нысанаға алғандарын алға тартып, Ливан аумағына әуе шабуылдарын күшейтті. Ливанның оңтүстігіндегі шиеленіс бірнеше аптадан бері жалғасуда.

Израиль әскері 2023 жылдың қазанында басталып, 2024 жылдың қыркүйегінде шабуылға айналған операциялар барысында Ливанда 4 мыңнан астам адамды өлтірді.  Шамамен 17 мың адам жараланды.

Израиль әскері 2024 жылдың қарашасында жарияланған бітім бойынша осы жылдың қаңтарында Ливанның оңтүстігінен толық шығуы тиіс болған. Алайда Израиль тек ішінара шегінумен шектеліп, шекара бойындағы бес бақылау бекетінде әлі де әскери күшін ұстап отыр.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті