ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Бангладеш ақпандағы сайлауда конституциялық реформалар үшін дауыс береді
Уақытша көшбасшы Мұхаммед Юнус ұлттық сайлау 2026 жылдың ақпан айының бірінші жартысында өтетінін айтты.
Бангладеш ақпандағы сайлауда конституциялық реформалар үшін дауыс береді
Бангладеш ақпандағы сайлауда конституциялық реформалар үшін дауыс береді / AA
 

Бангладеш конституциялық реформалар туралы референдумды келесі жылдың ақпан айындағы жалпыұлттық сайлаумен бір уақытта өткізеді. Бұл туралы уақытша басшы Мұхаммед Юнус хабарлады. Бұл екі палаталы парламент пен аралық үкімет жүйесін қайта енгізуге жол ашады.

Саяси партиялар референдум мерзімі туралы келіспей, наразылық акциялары өтіп жатқан кезде Юнус бұл шешімді мемлекеттік телеарна арқылы жариялады.

«Біздің үкіметтің үш негізгі міндеті болды: кісі өлтірулерге байланысты тергеу жүргізу, есеп беруге болатын және тиімді демократиялық жүйеге көшу үшін қажет реформаларды ұйымдастыру және әділ сайлау арқылы сайланған үкіметке билікті тапсыру», — деді Юнус.

Оның айтуынша, аталмыш реформалар басқаруды нығайтуда маңызды рөл атқаруы тиіс.

Бангладеш келесі парламент сайлауын 2026 жылдың ақпан айының бірінші жартысында өткізуі тиіс деп жоспарланып отыр.

Парламент реформасына дауыс беру

Референдумда сайлаушыларға конституцияға өзгеріс енгізілуін қолдай ма? Соның ішінде екі палаталы парламент құру және билік ауысқанда бейтарап әкімшілік арқылы бақыланатын аралық үкімет жүйесін қалпына келтіруге келісе ме? деген тақырып бойынша 4 сұрақ қойылады.

Бұрынғы премьер-министр Шейх Хасина билік ауысуы кезіндегі аралық үкімет жүйесін жойып жіберген еді, бұл ұзаққа созылған саяси дауларға әкелген болатын.

Хасина 5 тамызда көтеріліс кезінде биліктен тайдырылып, Үндістанға кеткен. БҰҰ мәліметі бойынша, тәртіпсіздік кезінде шамамен 1 400 адам қаза тапқан.

Іздеу
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»