Қырғызстан мен Беларусь сауда айналымын 500 миллион долларға жеткізуді мақсат етеді
Беларусь Сыртқы істер министрі Максим Рыженков Қырғызстанда әріптесі Жээнбек Кулубаевпен кездесті.
Қырғызстан мен Беларусь сауда айналымын 500 миллион долларға жеткізуді мақсат етеді
Қырғызстан мен Беларусь сауда айналымын 500 миллион долларға жеткізуді мақсат етеді

Беларусь Сыртқы істер министрі Максим Рыженков Қырғызстанмен сауда айналымын 500 миллион долларға жеткізуді мақсат етіп отырғандарын хабарлады.

Максим Рыженков ресми сапармен Қырғызстанға барып, әріптесі Жээнбек Кулубаевпен кездесті.

Беларусь премьер-министрі Александр Турчиннің таяуда Қырғызстанға сапарынан кейін екі ел арасындағы сауда айналымын кемінде 500 миллион долларға жеткізу міндеті жүктелгенін атап өткен Рыженков осы мақсат бағытында жұмысты бастайтындарын баса айтты.

Рыженков маусым айында Бішкекте екі елдің үкімет басшыларының қатысуымен өткен бизнес-форумда құны шамамен 5 миллион долларды құрайтын 20 коммерциялық келісім мен шартқа қол қойылғанын еске салды.

Қырғызстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жетістігі мен уақытша мүшелік процесін тарихи жеңіс деп бағалаған Рыженков бұл нәтижеге жету үшін жүргізілген белсенді жұмыстар ұйымның институттық негіздерін нығайтып, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге үлес қосатынын білдірді.

Рыженков сондай-ақ Беларусьтің Қырғызстанда өтетін 6-шы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсенді түрде қатысатынын айтты.

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Кулубаев та соңғы екі жылда екі ел арасында түрлі салаларда 27 құжатқа қол қойылғанын еске салып, соңғы үш жылда сауда айналымы екі есеге артып, 206 миллион долларға жеткенін атап өтті.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті