САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Гутерриш Газада атысты тоқтатуға шақырды
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш палестиналықтар қоныс аудару, қирату және жеткіліксіз гуманитарлық көмек секілді қиындықтармен бетпе-бет келіп жатқандықтан атысты тоқтату тұрақты сипат алуы тиіс екенін мәлімдеді.
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Гутерриш Газада атысты тоқтатуға шақырды / AA [FILE]

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 7 қазанның үш жылдығы қарсаңында жасаған мәлімдемесінде Газада атысты түбегейлі тоқтатуға шақырды.

Гутерриш өзінің ресми мәлімдемесінде «Атысты тоқтатудың түбегейлі болатын уақыты келді. Ауқымды гуманитарлық көмекке рұқсат беретін сәт жетті. Және халықаралық құқықты құрметтеудің уақыты келді», — деген сөздерді қолданып, халықаралық қауымдастықты «бүкіл аймақта тұрақты бейбітшілікке апаратын саяси жол» қалыптастыруға шақырды.

Гутерриш бұл жылдықтың тек аза тұтудан да маңыздырақ мәнге ие болуы керектігін баса айтты. «Бұл жылдық тек кезекті қаралы жыл емес, сонымен бірге басқаша болашақ құруға деген жаңа ұмтылыстың белгісі болсын, израильдіктер мен палестиналықтар өз құқықтарына, қадір-қасиеті мен арман-тілектеріне қол жеткізіп, бейбітшілік пен қауіпсіздікте қатар өмір сүре алатын болашақ» деді ол.

Көп майданды соғыстар

Палестиналықтардың «көп адам шығынына, қоныс аударуға және қирауға» ұшырағанын атап өткен Гутерриш: «Олардың шеккен зардаптары да енді аяқталуы керек», — деді.

Израильдің аймақта жылдар бойы жүргізіп жатқан геноцидтік соғысында 74 200-ден астам адам қаза тапты.

Гутерриш АҚШ президенті Дональд Трамптың 2025 жылдың қазан айында арада жүріп қол жеткізген атысты уақытша тоқтату келісімі шектеулі жеңілдік әкелгенін мойындады, алайда бұл бітімнің «әлі де қауіпсіздік, жеткілікті гуманитарлық көмек немесе оңалу мен бейбітшілікке апаратын сенімді жол ұсына алмағанын» ескертті.

Израиль 2023 жылдың қазан айынан бері соғыс ауқымын аймақ деңгейіне жайып, Ливанның оңтүстігін басып алды және ақпан айының соңында Америка Құрама Штаттарымен бірге Иранға қарсы тікелей қарулы қақтығысқа түсті.

Іздеу
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
Испанияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді
АҚШ Израильге қосымша әскер мен әуе техникасын орналастырады
Германия канцлері Мерц Путинді «Украинадағы соғысты тоқтатуға» шақырды
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты
Трамп: "Иран мәселесі шешілсе, мұнай бағасы төмендейді"
Шушада Түркия, Әзербайжан және Грузия ынтымақтастығы талқыланды
АҚШ Сирияға қатысты қорғаныс экспортына қойылған шектеулерді жеңілдетті
Президент Зеленскийдің мәлімдемесі Оңтүстік Кореяның наразылығын туғызды
Данияда ауқымды әскери оқу-жаттығу басталды
Ирак елдегі барлық қарулы топты қарусыздандыруды көздейтін жоспар әзірлеуде
АҚШ президенті Трамп Иранның түптің түбінде берілуге мәжбүр болатынын мәлімдеді
Судан сыртқы араласуды тоқтатуға шақырды
Президент Трамп Иран санкцияларына қатысты ақпаратты теріске шығарды
Президент Зеленский Пхеньянның Ресейге қосымша әскер дайындап жатқанын айтты
Президент Ердоған Хендрик Вюстті қабылдады
Түркия, Әзербайжан және Грузия өкілдері Бірлескен кеден комитетінің отырысын өткізді
Иран: «Иранның АҚШ-пен қандай да бір келіссөз жүргізу жоспары жоқ»
Трамп Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атады