ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Украина Сыртқы істер министрі Сибига «Бейбітшілік үшін Түркияның делдалдығы «өте маңызды» деді
Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига Түркия Президенті Ердоғанның бейбітшілікке күш салудағы рөлі өте маңызды екенін айтты.
Украина Сыртқы істер министрі  Сибига «Бейбітшілік үшін Түркияның делдалдығы «өте маңызды» деді
/ AA
 

Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига «Анадолы» агенттігіне берген сұқбатында Түркияның Ресей-Украина соғысындағы аймақтық тұрақтылықты сақтаудағы және әділ әрі тұрақты бейбітшілікке серпін берудегі рөлінің «баға жетпес» екенін атап өтті. Сибига Белекте өткен Анталия дипломатия форумында «Түркияның әсіресе Президент Режеп Тайып Ердоғанның бейбітшілікке бағытталған рөлі өте маңызды. Біз мұны жоғары бағалаймыз және бұл рөлдің жалғасатынына үміттенеміз», – деді.

Ол Анкара мен Киев арасындағы қауіпсіздік және экономика саласындағы тығыз ынтымақтастықты атап өтіп, «Түркия мен Украина арасындағы қарым-қатынас ̶ екі тарап үшін де жемісті серіктестік. Біз әділ және тұрақты бейбітшілікті мақсат етеміз. Түркия сияқты серіктестердің қолдауына сенеміз», – деді.

Сыртқы істер министрі соғыс басталғаннан бері басып алынған аймақтардың жартысы қайтарылғанын, бірақ әлі де 20 пайызы қалғанын атап өтті.

Сибига Дүниежүзілік банк деректері бойынша Украинадағы соғыстың күнделікті шығыны 220 миллион доллар екенін, ал ұлттық инфрақұрылымға келтірілген шығын 600 миллиард долларға жеткенін мәлімдеді.

«Болашақта ауқымды қайта құру және инвестициялық жобалар болады. Біз бұл процесте түрік компанияларын көргіміз келеді», - деп қосты ол.

«Анталия дипломатия форумы жай ғана конференция емес, сарапшыларды тыңдау мүмкіндігін ұсынатын, пікір алмасатын, жаңа идеялар тудыратын, маңызды кездесулер өткізетін және болашақ трендтерді қалыптастыратын алаң», - деді министр.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»