САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран АҚШ-ты келіссөздерді бұзды деп айыптады
Тегеранның хабарлауынша, Вашингтон Исламабадтағы бейбіт келіссөздерді екі тарап өзара түсіністік туралы меморандумға қол жеткізуге жақындаған сәтте әдейі бұзған.
Иран АҚШ-ты келіссөздерді бұзды деп айыптады
Иран АҚШ-ты келіссөздерді бұзды деп айыптады. (МҰРАҒАТТЫҚ СУРЕТ) / Reuters
 

Иран АҚШ-пен келісімге келуге аз қалғанда Вашингтонның Исламабадтағы келіссөздерді тығырыққа тірегенін білдірді.

Аракчидің айтуынша, тараптар Исламабадта өзара түсіністік туралы меморандумына қол жеткізуге аз қалғанда АҚШ тарапынан «максимализмге, үнемі өзгеріп отыратын мақсаттарға және блокадаға» тап болған.

Аракчи: «Ізгі ниет ізгі ниетті тудырады. Дұшпандық дұшпандықты тудырады», - деп қосты.

Келіссөздер нәтиже бермеді

Бұл мәлімдемелер АҚШ Орталық қолбасшылығының дүйсенбіден бастап Иран порттарына кіретін және шығатын барлық теңіз көліктеріне блокада енгізетінін жариялағаннан кейін жасалды.

Бұл блокада Ормуз бұғазы арқылы Ираннан өзге порттарға қатынайтын кемелерге қолданылмайды.

Пәкістанның араағайындығымен сенбі күні өткен келіссөздер көптеген кездесу мен ұсыныстан кейін аяқталды, алайда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізілмеді.

Екі тарап та негізгі келіспеушіліктерді шеше алмады және бұдан әрі дипломатиялық күш-жігер қажет болатынын білдірді.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ Иранмен қақтығысқа қолдау білдірмеген бірқатар НАТО елінен әскери күштерін әкетпек
Іздеу
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады