АҚШ 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды

Шенеуніктердің айтуынша, АҚШ Иранда 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылған. Бұл озық зымыран жүйелеріне қарсы әрекет ететін барлау ұшқышсыз ұшу аппаратының қандай қауіпке тап болатынын көрсетеді.

By
АҚШ 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды / AP

«CBS News»-тің мәліметінше, АҚШ әскері Иранға қарсы соғыс барысында 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды. Бұл – соғыстағы ең ірі техникалық шығындардың бірі.

Соңғы күндері тағы екі ұшқышсыз ұшу аппараты атып түсірілген. Осылайша жойылған аппараттардың жалпы саны 11-ге жетті.

Жойылған ұшқышсыз ұша аппараттарының жалпы құны 330 миллион доллардан асады деп бағалануда.

«MQ-9 Reaper» – әуе кеңістігін барлау, бақылау міндеттерін орындайтын, сондай-ақ дәл соққы беретін ұшқышсыз ұшу аппараты.

Алайда қорғаныс саласындағы мамандардың айтуынша, мұндай аппараттарды озық әуе қорғаныс жүйелері бар аймақтарда нысанаға алу әлдеқайда оңай.

Бұл аппараттар бастапқыда мықты әуе қорғанысы бар кеңістіктерге емес, әуе қорғанысы әлсіз өңірлердегі терроризмге қарсы операцияларға арналып жасалған.