ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Нигерия армиясы ДАИШ-пен байланысы бар террористерді залалсыздандырды
Билік өкілдері террористер пайдаланған логистикалық нысандардың да жойылғанын хабарлады.
Нигерия армиясы ДАИШ-пен байланысы бар террористерді залалсыздандырды
Нигерия армиясы ДАИШ-пен байланысы бар террористерді залалсыздандырды. / AP

Ресми мәліметке сәйкес, Нигерия күштері елдің солтүстік-шығысындағы Борну штатында жүргізілген операциялар барысында ДАИШ-пен байланысы бар ISWAP террористік ұйымының кемінде 25 мүшесін залалсыздандырды.

Нигериядағы “Channels Television” телеарнасының хабарлауынша, Аймақтық қолбасшылықтың медиа-ақпарат жөніндегі жауапты өкілі Сани Уба жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде бөлімшелердің Лиманкара және Кукава аймақтарында ISWAP-ке қарсы операциялар жүргізгенін айтты.

Убаның сөзінше, «қақтығыс кезінде 15 террорист залалсыздандырылды, ал көптеген адам жаралы күйде қашып кетті». Ол сондай-ақ әуе барлау топтарының қашқан террористерді бақылап отырғанын, осының нәтижесінде жасалған тағы бір дәл соққы арқылы «тағы 10 террористің залалсыздандырылғанын» жеткізді.

Уба террористер пайдаланған ірі көлемдегі қорғаныс және логистикалық құрылымдардың да жойылғанын білдірді.

Сонымен қатар террористерге тиесілі екі көлік, көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.

Нигерия ұзақ уақыт бойы қарулы топтармен, сондай-ақ Boko Haram және ISWAP сияқты террористік ұйымдардың елдің әртүрлі аймақтарындағы шабуылдарымен күресіп келеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Нигериядағы христиандардың «қудалауға ұшырап жатқанын» және «террористер» жүзеге асырған «геноцидтің» құрбаны болып отырғанын мәлімдеген болатын.

Алайда Абуджа билігі мен көптеген тәуелсіз сарапшы Нигериядағы зорлық-зомбылық христиандар мен мұсылмандарды қамтитынын айтады.

25 желтоқсанда АҚШ әскері Нигерияның Сокото штатында әуе соққыларын жасады.

Нигерия билігі бұл операциялардың өздерімен үйлестірілгенін және ДАИШ-пен байланысы бар террористерді нысанаға алғанын хабарлады.

Осы айдың басында Батыс Африка еліндегі қауіпсіздіктің нашарлауына қарсы күрес аясында артқан әскери ынтымақтастық шеңберінде шамамен 100 америкалық сарбаз Нигерияға орналастырылды. Алайда Нигерия тарапы бұл АҚШ сарбаздарының қақтығыстарға тікелей қатыспайтынын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия мен Нигерия сауда көлемін арттырды
Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты