ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияның алғашқы қалқымалы күн электр станциясы 2027 жылы электр энергиясын өндіре бастайды
Құны 41 миллион еуроны құрайтын станция жылына шамамен 77,6 миллион киловатт-сағат электр энергиясын өндіріп, 20 мыңға жуық үйдің энергия қажеттілігін қамтамасыз етпек.
Түркияның алғашқы қалқымалы күн электр станциясы 2027 жылы электр энергиясын өндіре бастайды
Түркиядағы алғашқы қалқымалы күн электр станциясы / َAA
 

Инвестор компания сейсенбі күні «Анадолы» агенттігінің тілшісіне Түркияның жаңартылатын энергия көздері аймақтары бағдарламасы аясындағы алғашқы қалқымалы күн электр станциясында келесі жылдың басында электр энергиясын өндіру басталатынын мәлімдеді.

Станцияны орнату жұмыстары Маниса уәлатының Салихли ауданындағы Демиркөпру су қоймасының шамамен 50 гектар аумағында жалғасуда.

Жалпы инвестициялық құны 41 миллион еуроны құрайтын станцияда әрқайсысының қуаты 550 ватт болатын 91 мың 368 күн панелі пайдаланылады.

Күн панельдерінің жалпы шекті қуаты 50,25 мегаватт, ал электр желісіне берілетін қуаты 35 мегаватт болатын станция жылына шамамен 77,6 миллион киловатт-сағат электр энергиясын өндірмек.

Жобаға 23 шілдеде алдын ала лицензия беріліп, құрылыс жұмыстары үш ай бұрын басталды. Ал қазан айында алғашқы күн панельдері су бетіне орнатылды.

Әртүрлі мөлшердегі күн панельдерінен тұратын платформаларды жұмысшылар жағалауда құрастырып, кейін қайықтармен су қоймасының ішкі бөлігіне тасымалдауда.

Жалпы салмағы 8 мың тонна болатын қалқымалы жүйе үшін су деңгейінің өзгеруі, жел мен толқынның әсері ескеріліп, икемді бекіту жүйесі қарастырылған. Сонымен қатар кабельдердің ұзындығы су деңгейінің көтерілуі мен төмендеуіне бейімделетіндей етіп есептелген.

Жоғары ылғалдылық пен күн сәулесіне төзімді панельдер қолданылатын станцияда желдің әсері, су деңгейі және платформалардың қозғалысы қашықтан бақыланады. Ал балық популяциясының жағдайы су сынамаларын алу арқылы қадағаланады.

Жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы есепті Түркияның Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрлігі мақұлдады.

Инвестор компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Мухаммет Балкая «Анадолы» агенттігінің тілшісіне бұл Түркиядағы алғашқы осындай станция болғандықтан, материалдарды таңдаудан бастап инженерлік жұмыстарға дейінгі жобаның барлық кезеңіне ерекше мұқияттылықпен қарағандарын айтты.

«Станцияны кезең-кезеңімен іске қосамыз. Алғашқы 9 мегаваттық қуатты 2027 жылдың қаңтар айының соңы мен ақпан айының ортасы аралығында іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деді Балкая.

Сондай-ақ Балкая станцияның мамыр айының соңына қарай толық іске қосылатынын және 20 мыңға жуық үйдің энергия қажеттілігін қамтамасыз етуге қауқарлы екенін атап өтті.

Балкая қалқымалы күн электр станцияларын орман немесе ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбай-ақ су бетіне орнатуға болатынын, олардың судың булануын азайтып, су астындағы өсімдіктер мен балық түрлерінің алуан түрлілігін арттыруға ықпал ететінін айтты.

 

Іздеу
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»