Газадағы әйелдердің үш жылға созылған қасіреті
ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
3 ... минут оқылды
Газадағы әйелдердің үш жылға созылған қасіретіИзраильдің Газадағы үш жылдық геноциді әйелдер мен қыз балаларды өлім мен жарақаттан бөлек, түсік тастау, қауіпті жағдайда босану және жеткіліксіз тамақтану сияқты ауыр зардаптарға ұшыратты.
Палестиналық әйел мен балалар терезеден сыртқа қарап тұр. Газа секторы. 2025 ж 9 қазан. REUTERS.
 

Израильдің Газадағы үш жылдық геноциді әйелдер мен қыз балаларды өлім мен жарақаттан бөлек, түсік тастау, қауіпті жағдайда босану және жеткіліксіз тамақтану сияқты ауыр зардаптарға ұшыратты. БҰҰ мен Палестина деректері бұл қасіреттің ауқымын көрсетіп отыр.

Палестина Орталық статистика бюросының 2026 жылғы 18 шілдедегі дерегіне сәйкес, Израиль 2023 жылғы қазанда шабуылдарын бастағаннан бері Газа секторында 12 400 әйел қаза тапқан.

Сондай-ақ тағдыры белгісіз 11 200 адамның 4700-і әйелдер мен балалар екені, олардың бір бөлігі қираған ғимараттардың үйінділері астында қалуы мүмкін екені айтылды.

Әйелдер мен қыз балалар арасындағы адам шығыны жоғары

БҰҰ Әйелдер ұйымының 2026 жылғы сәуірде жариялаған «Соғыстың әйелдер мен қыз балаларға тигізген зардабы» атты есебіне сәйкес, 2023 жылғы қазаннан 2025 жылғы желтоқсанға дейін Израиль шабуылдарынан 38 мыңнан астам әйел мен қыз бала қаза тапқан.

Есепте осы кезеңде 11 мың әйел мен қыз баланың салдары өмір бойы сақталатын жарақат алғаны көрсетілді.

Аман қалған әйелдер бомбалау, аштық, бірнеше рет мәжбүрлі қоныс аудару және негізгі қызметтерге қол жеткізудің шектелуі салдарынан күн сайын түрлі қауіп-қатермен бетпе-бет келіп отыр.

Аталған кезеңде Газада 71 200-ден астам палестиналық қаза тапқан. Әйелдер, балалар мен қарттар жалпы қаза тапқандардың жартысынан астамын құрады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары

Репродуктивті денсаулық нашарлады

Израильдің медициналық мекемелерге жасаған шабуылдары, медициналық көмекке қол жеткізудің қиындауы, бірнеше рет мәжбүрлі қоныс аудару және жеткіліксіз тамақтану шабуылдардың алғашқы айларынан-ақ Газадағы әйелдердің репродуктивті денсаулығына кері әсер етті.

Халықаралық отбасын жоспарлау федерациясы 2024 жылғы шілдеде шабуылдардың алғашқы тоғыз айында Газада түсік тастау жағдайлары кемінде 300 пайызға артқанын хабарлады.

«Адам құқықтары үшін дәрігерлер» (PHR) ұйымы 2026 жылғы қаңтарда жариялаған есебінде 2025 жылдың алғашқы алты айында 2600 түсік тастау жағдайы тіркелгенін мәлімдеді.

Сондай-ақ есепте жүктілікке байланысты 220 өлім мен 1460 мерзімінен бұрын босану жағдайы тіркелгені, 2500-ден астам жаңа туған нәрестенің жансақтау бөлімдерінде емделгені айтылды.

Қауіпті жағдайда босану

Адам құқықтары жөніндегі есептерге сәйкес, Газа секторындағы денсаулық сақтау жүйесінің күйреуі салдарынан жүкті әйелдердің жүктілік пен босану кезінде қажетті медициналық көмекке қол жеткізуі барған сайын қиындай түскен.

БҰҰ Әйелдер ұйымының (UN Women) есебінде 2025 жылғы наурызға дейін Газа секторында тәулігіне шамамен 130 бала дүниеге келгені, босанудың төрттен бірінен астамы кесарь тілігі арқылы жүзеге асқаны айтылды. Бұл онсыз да мүмкіндігі шегіне жеткен денсаулық сақтау жүйесіне үлкен салмақ түсірді.

Денсаулық сақтау жүйесінің күйреуі көптеген әйелді шұғыл медициналық көмекке қол жеткізе алмайтын жағдайда, үйлер мен уақытша баспаналарда босануға мәжбүр еткені де атап өтілді.

Отбасының күнкөрісін әйелдер қамтамасыз етуге мәжбүр

Шабуылдар Газадағы мыңдаған отбасының тұрмыс-тіршілігіне де ауыр соққы болды. Жұбайларының қаза табуы, жаралануы немесе хабарсыз кетуі, сондай-ақ табыс көздерінен айырылуы салдарынан отбасының күнкөрісін өз мойнына алуға мәжбүр болған әйелдердің саны күрт артты.

БҰҰ Әйелдер ұйымының (UN Women) есебіне сәйкес, Газа секторында күнкөрісін әйелдер қамтамасыз ететін палестиналық отбасылардың үлесі геноцид басталғанға дейінгі 9 пайыздан 14 пайызға дейін өсті.

Есепте шабуылдардың жойқын салдарынан Газада қазір 58 600 отбасының күнкөрісін әйелдер қамтамасыз етіп отырғаны көрсетілді.

Мәжбүрлі қоныс аудару, кедейлік пен отбасы мүшелерінен айырылу салдарынан күтім мен қорғанысқа деген қажеттілік те артты. Мұның бәрі әйелдер мен қыздарға ұзақ мерзімді экономикалық және әлеуметтік ауыртпалық түсіріп отыр.

Іздеу
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
БҰҰ: «Сирияны қайта қалпына келтіруге 216 миллиард доллар қажет»
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
Иран АҚШ-тың Кешм аралына жасаған шабуылдары туралы ақпарат берді