Иранда су тапшылығы басталды

Иран президенті Масуд Пезешкиян егер жақын арада жаңбыр жаумаса, су тапшылығының салдарынан Тегеранды көшіруге керек болатынын ескертті.

By
МҰРАҒАТТЫҚ СУРЕТ: Иран президенті Масуд Пезешкиян Илам қаласында өткен кездесуде.

Иран президенті Масуд Пезешкиян егер жақын арада жаңбыр жаумаса, су тапшылығының салдарынан Тегеранды көшіруге керек болатынын ескертті. Ол Тегеран су қоймаларының деңгейі ғасыр ішіндегі ең төмен деңгейге түскенін хабарлады.

Пезешкиян бейсенбі күні Иранның батысындағы Сенендедж қаласына жасаған сапарында үкіметтің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік дағдарыстармен күресіп жатқанын айтты.

Жергілікті “Etemad” газетінің хабарлауынша, ол жоғары баға мен инфляцияның ел ішіндегі саяси қателіктер мен халықаралық санкциялардан туындағанын атап өтіп,
«Жоғары баға мен инфляция үшін жауапкершілік парламент пен үкіметте. Жұмыс жүргізіліп жатыр, бірақ шектеулі қаржы ресурстары жобалардың аяқталуына кедергі келтіруде», - деді.

Құрғақшылықтан туындаған су дағдарысына тоқталған Пезешкиян Иранның  жауын-шашын мен су ресурстарының азаюы сияқты табиғи қиындықтарға тап болғанын айтып, «Егер жаңбыр жаумаса, алдағы айда Тегеранда суды пайдалануға шектеу енгізуге мәжбүр боламыз. Құрғақшылық жалғасса, суымыз таусылады және біз қаланы көшіруге міндетті боламыз»- деді.

Президент су мен энергия ресурстарын тиімді басқарып, ұқыпты пайдалану қажеттігін атап өтіп, Тегерандағы жағдайды «алаңдатарлық» деп сипаттады.

Тегеранда су дағдарысы

Тегеранды Лар, Мемлу, Әмір Кәбір, Талеган және Летян қоймалары сумен қамтамасыз етеді. Олардың ішіндегі ең ірі қойма — Әмір Кәбір.

Алайда соңғы бес жылда Иранда жауын-шашын көлемі күрт төмендеп, метеорологиялық деректерге сәйкес, биыл Тегеранда жауын-шашын мөлшері шамамен 40 пайызға азайған.

20 шілдеде Тегеран су басқармасы қалаға су жеткізетін су қоймаларының деңгейі ғасыр ішіндегі ең төмен көрсеткішке түскенін хабарлады.

Елде ұзақ уақыт бойы жаз айларында су уақытша өшіріліп келеді. 3 қарашада Тегеран су басқармасының басшысы Бехзад Парса егер құрғақшылық жалғасса, бөгеттердегі су қоры қалаға небәрі екі аптаға ғана жететінін хабарлады.