САЯСАТ
1 ... минут оқылды
БҰҰ АҚШ-Иран текетіресін «дипломатиялық жолмен шешуге» шақырды
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ пен Иран арасында үдей түскен әскери текетіреске байланысты алаңдаушылығын жеткізді.
БҰҰ АҚШ-Иран текетіресін «дипломатиялық жолмен шешуге» шақырды
БҰҰ АҚШ-Иран текетіресін «дипломатиялық жолмен шешуге» шақырды

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

«Бас хатшы соңғы бірнеше күнде Иран мен АҚШ арасында жалғасып жатқан, әрі ауқымы кеңейген әскери текетіреске терең алаңдайды», — деген Дюжаррик дағдарыстың аймақтағы барлық елдерге әсер етіп, сауда жүйелеріне, гуманитарлық көмекке қол жеткізуге, тасымал шығындарына, сол сияқты аймақ елдері мен одан тыс жерлердегі отын және негізгі тұтыну тауарларының бағасына қысым түсіріп отырғанын атап өтті.

Дюжаррик: «Бас хатшы әсіресе Иранда құрылысы жүріп жатқан атом электр станциясы мен су тазарту нысаны сияқты азаматтық инфрақұрылымдарға, сондай-ақ аймақ бойынша Кувейт пен басқа да елдердегі электр станциялары мен су тазарту ғимараттарына жасалған шабуылдарға байланысты алаңдаушылық білдіреді», — деген сөздерді тілге тиек етті.

Гутерриштің «мұндай шабуылдардың қабылдануы мүмкін емес екенін және дереу тоқтатылуы тиістігін» айтқанын жеткізген Дюжаррик: «Бас хатшы бұл қақтығыстың әскери шешімі жоқтығын тағы да баса айтып, бейбіт әрі баянды шешім үшін дипломатиялық күш-жігерді арттыруға шақырады», — деді.

Баспасөз хатшысы Дюжаррик тараптар арасында қол жеткізілетін келісім Ормуз бұғазы мен оның төңірегіндегі халықаралық кеме қатынасы құқықтары мен бостандығын толықтай қайта орнына келтіруді қамтуы тиіс екенін атап өтті.

Іздеу
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Украина: «Новороссийск әскери-теңіз базасына шабуыл жасадық»
АҚШ пен Иран атысты тоқтату мерзімін ұзартуға келісті
Иран президенті Пәкістан Ішкі істер министрімен кездесті
АҚШ президенті Трамп келіссөздер мәселесінде Иранға сенбейтінін айтты
Пәкістан Ішкі істер министрі Иранда
Иран Сыртқы істер министрі Аракчи: «Соғыста да, дипломатияда да жеңіске жеттік»
Кувейт Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы қорғаныс келісіміне байланысты Пәкістанды құттықтайды
Солтүстік Корея Ресейге 50 мың сарбаз жібереді
Иран: “АҚШ міндеттемелерді орындамайынша, келіссөздер қайта басталмайды”
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
Иран президенті: «Территория тұтастығымызды қорғаймыз, бірақ соғысты кеңейтуге ниетті емеспіз»