САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ президенті Трамп Иранмен шиеленісті «шағын соғыс» деп сипаттады
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы шиеленісті «шағын соғыс» деп сипаттап, «Қазір бәрі өте жақсы жүріп жатыр. Олардың флоты жоқ, әуе күштері жоқ, әуе қорғаныс жүйелері жоқ, радарлары да, басшылары да жоқ, ештеңелері жоқ» деп мәлімдеді.
АҚШ президенті Трамп Иранмен шиеленісті «шағын соғыс» деп сипаттады
АҚШ президенті Трамп Ақ Үйде өткен шарада Иран мәселесіне тоқталды. / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ Үйде шағын бизнесті қолдауға арналған іс-шарада Иран мәселесіне тоқталды.

Трамп Иранға жасалған шабуылдарды «дұрыс қадам» деп бағалап, мұндай шешімді бұрынғы президенттер қабылдауы керек болғанын, алайда бүгін бұл міндетті өзі атқарғанын айтты.

Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейтіндерін атап өткен Трамп «Қазір бәрі өте жақсы жүріп жатыр. Олардың флоты жоқ, әуе күштері жоқ, әуе қорғаныс жүйелері жоқ, радарлары да, басшылары да жоқ, ештеңелері жоқ», – деді.

«Қазіргі жағдайды мен шағын соғыс деп атаймын», – деген Трамп бұл қақтығыстың ұзаққа созылмайтынын да жеткізді.

АҚШ президенті елінің Иранмен «шамамен 6 аптадан бері соғыс жағдайында» екенін айтып, АҚШ-тың Вьетнам, Ирак, Ауғанстан және басқа елдерде ұзақ жылдар бойы соғыс жүргізгенін, ал Иран жағдайында әлдеқайда жылдам әрекет етіп жатқанын алға тартты.

Трамп АҚШ-та энергия бағалары «соғыс аяқталысымен» тез төмендейтінін мәлімдеп, «Бір ғана батырманы басу арқылы елдерді жойып жібере алатын ядролық қаруы бар ессіздерден құтылу үшін бұған (нарықтың әсеріне) тұрарлық болды. Сондықтан мұны істеуге мәжбүр болдым, өйткені бұл 47 жыл бойы жасалмаған еді. Бізде басқа таңдау жоқ және мен мұнымен мақтанамын», – деді.

Трамптың «8–9 жылдан кейін қызметтен кету» туралы әзіл сөзі жиналғандарды күлдірді.

Салықтық жеңілдіктерді пайдалану туралы Трамп: «Мысалы, сегіз-тоғыз жылдан кейін қызметтен кеткенімде мен де бұларды пайдалана аламын», – деп әзілдеді.

Ал Венесуэламен қарым-қатынас туралы Трамп олардың «өте жақсы» екенін, тіпті «серіктестік» деңгейіне жақындағанын айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иранмен шиеленіс америкалықтардың тұрмысына әсер ете бастады
Іздеу
Түркия мен Бельгия қорғаныс, дипломатия және сауда салаларында ынтымақтастықты тереңдетті
Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістанда басқосады
Хакан Фидан Ормуз бұғазының «қару» ретінде пайдаланылмауы керектігін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катарда
Израиль бітім келісіміне қарамастан Ливанның оңтүстігіне шабуылдады
Ресей Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуылдады
Испаниядан Еуропа армиясын құру туралы үндеу келді
Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына жасырын шабуыл жасаған
Иранмен соғыс америкалықтарға миллиардтаған долларлық қосымша шығын әкелді
Заңсыз мигранттардың АҚШ-та дүниеге келген балаларына азаматтық берілмеуі мүмкін
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды
«Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль Палестина туын желбіретті
Атысты тоқтату мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей Киевке дрон шабуылын жасады
Израиль ЕО-ны қатаң сынға алды
ЕО Сириямен ынтымақтастықты толық қалпына келтірді