ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль шабуылдары жалғасуда
Израильдің 2 наурыздан бері Ливанға жасаған шабуылдары салдарынан кемінде 2 мың 702 адам қаза тауып, 8 мың 311 адам жараланды.
Израиль шабуылдары жалғасуда
Израиль шабуылдары жалғасуда / AA
 

Израильдің дрон шабуылдары мен әуе соққылары Ливанның оңтүстігі мен шығысында 16 адамның өмірін қиды, тағы 21 адам жарақат алды. Жараланғандардың арасында медицина қызметкерлері де бар. Сондай-ақ бір мектеп ғимараты зақымданды. Бұл бітімнің айқын бұзылуы ретінде тіркелді.

Ливанның Ұлттық ақпарат агенттігі сәрсенбі күні Мефдун елді мекеніне жасалған дрон шабуылынан екі адамның қаза тапқанын, сондай-ақ Зауатар аш-Шаркия мен Зауатар әл-Гарбия арасындағы аумақтың нысанаға алынғанын хабарлады.

Агенттік Батыс Бекаа өңіріндегі Зеллая елді мекенінде жергілікті кеңес төрағасының үйіне жасалған бөлек шабуылдан тағы төрт адамның қаза тауып, үш адамның жараланғанын, құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Дереккөздің хабарлауынша, Израильдің Ливанның оңтүстігіндегі Зауатар әл-Шаркия мен Мифдун елді мекендерінің арасындағы көлікке жасаған шабуылынан екі адам қаза тапқан.

Агенттік мәліметіне сәйкес, Израиль дроны Дейр-Кифа елді мекенінде Ислам денсаулық сақтау ұйымына қарасты медицина қызметкерлерін нысанаға алған. Салдарынан үш адам жараланған. Жараланғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Ливан аумағына басып кіруді жоспарлап отыр

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»