ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Николя Саркози қамауға алынады
Францияның бұрынғы президенті 2007 жылғы сайлау науқанын Ливиямен байланысты заңсыз қаражатпен қаржыландырғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Саркози бүгін Париждегі “La Santé” түрмесіне барады.
Николя Саркози қамауға алынады
Францияның бұрынғы президенті Саркози бес жылдық түрме жазасы басталардан бір күн бұрын Парижде байқалды / Reuters

Франция бұрынғы президенті Николя Саркози сейсенбі күні 2007 жылғы сайлау науқанын Ливиядан келген қаражатпен қаржыландыру мақсатында жасалған қылмыстық астыртын келісімге қатысы бар деген айыппен сот шешімін орындау үшін түрмеге кірмек.

Қазіргі Франция тарихында түрмеге қамалған алғашқы бұрынғы президент атанған Саркози сот үкіміне де, сондай-ақ судьяның апелляция процесін күтпей оны қамауға алу шешіміне де шағым түсірді.

Саркозидің Елисей сарайынан Париждің әйгілі “La Santé” түрмесіне дейінгі жолы бүкіл Франция халқының назарын аударды.

Оның ұлдарының бірі Луи сейсенбі таңертең әкесіне қолдау білдіру мақсатында Саркозидің жұбайы Карла Бруни-Саркозимен бірге тұратын сәнді Париж ауданында митинг өткізуге шақырды.

Қиын жағдайда тұрған қазіргі центристік бағыттағы президент Эммануэль Макрон өткен аптада консерватор Саркозиді президент сарайында қабылдаған еді.

Макрон дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Мен әрқашан сот билігінің тәуелсіздігі туралы ашық айтып келемін. Алайда бұл жағдайда да менің бұрынғы президенттердің бірін сарайда қабылдауым адами тұрғыдан жасалған әрекет болды», -деді.

Саркози “Le Figaro” газетіне берген сұхбатында қауіпсіздік мақсатында басқа тұтқындардан бөлек, оқшауланған камераға қамауға алынатынын айтты. Басқа нұсқа бойынша, ол қоғамда “VIP бөлім” деп аталатын, “қорғансыз” сотталғандарға арналған түрме бөліміне орналастырылуы мүмкін.

“La Tribune Dimanche” газетіне сұхбатында Саркози: «Мен түрмеден қорықпаймын. ‘La Santé’ қақпасының алдында да басым тік болады. Соңына дейін күресемін»,- деді.

Газеттің хабарлауынша, Саркози түрмеге өз киімдері мен рұқсат етілген 10 отбасылық фотосуреті бар сөмке дайындаған.

Сондай-ақ ол “Le Figaro”-ға берген сұхбатында өзімен бірге үш кітап алатынын, олардың ішінде Александр Дюманың «Монте-Кристо графы» да бар екенін айтты. Бұл романдағы басты кейіпкер арал түрмесінен қашып, кек алу жолына түседі.

Париж соты Саркозидің апелляция процесі басталғанша жазасын өтеуді кейінге қалдырмау туралы шешімді “қылмыстың қоғамдық тәртіпке елеулі зиян келтіргені” себепті қабылдаған.

Шешімге сәйкес, 70 жастағы Саркози түрмеге кіргеннен кейін ғана апелляциялық сотқа босату туралы өтініш бере алады, ал судьялардың бұл өтінішті қарау үшін екі айға дейін уақыты бар.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр