САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Президент Трамп: “Иранның байытылған уран қорын қалпына келтіруі ұзақ әрі қиын болады”
АҚШ президенті ядролық нысандарға жасалған шабуылдар Иранның бағдарламасын «жойып жіберді» деген мәлімдемесін қайталап, уран қорының «шаңға» айналғанын айтты.
Президент Трамп: “Иранның байытылған уран қорын қалпына келтіруі ұзақ әрі қиын болады”
Трамптың мәлімдемелері Пәкістанда өтуі мүмкін жоғары деңгейдегі келіссөздер қарсаңында жасалды. / Reuters
 

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның байытылған уран қорының қайта қалпына келтірілуі «ұзақ әрі қиын» болатынын білдірді.

Трамп дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде 2025 жылы маусымда Иранның ядролық нысандарына жасалған шабуылдарға сілтеме жасап, «“Түн ортасындағы балға” операциясы (Operation Midnight Hammer) Ирандағы ядролық зауыттарды толық жойды», - деді.

АҚШ президенті көптен бері бұл шабуылдар Иранның ядролық бағдарламасын «жойып жіберді» деп айтып келеді, ал соңғы уақытта уран қорын «шаң» деп сипаттай бастады.

Трамп: «Сондықтан оны қалпына келтіру ұзақ әрі қиын үдеріс болады», - деді.

Трамптың мәлімдемелері Пәкістанда өтуі мүмкін жоғары деңгейдегі келіссөздер қарсаңында жасалды.

Трамп жексенбі күні келіссөздер үшін АҚШ өкілдерінің Исламабадқа ұшатынын хабарлады, алайда Тегеран қатысуын әлі ресми түрде растаған жоқ және Ормуз бұғазындағы АҚШ блокадасының алынуын талап етті.

Пәкістан 11–12 сәуір күндері АҚШ пен Иран арасындағы 1979 жылы дипломатиялық қатынастар үзілгеннен бергі алғашқы тікелей жоғары деңгейдегі келіссөздерге делдал болды, бірақ келіссөздер нәтиже бермеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран АҚШ күштері коммерциялық кемені басып алғаннан кейін жауап қайтарылатынын мәлімдеді
Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»