САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді
Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Тегеранның өзара құқық пен әділетке негізделген келіссөз жүргізе алатынын айтты.
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді / AA

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде, Тегеран соғысқа толық дайын екенін жарияласа да, АҚШ-пен келіссөз жүргізу мүмкіндігін де қарастыратын жеткізді.

Аракчи мемлекеттік телеарнада Тегерандағы шетелдік елшілерге қарата сөйлеген сөзінде Иранның соғысты қаламайтынын, алайда өзін қорғауға дайын екенін атап өтті.

Аракчи: «Иран Ислам Республикасы соғысты қаламайды, бірақ соғысқа толық дайын. Біз келіссөздерге де дайынбыз, алайда бұл келіссөздер әділдікке, тең құқықтарға және өзара құрметке негізделуі тиіс», - деді.

Қатаң шаралар

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы наразылықтарға араласуға байланысты әскери операция жүргізу қаупін төндіргеннен кейін Иран билігінің келіссөз жүргізгісі келетінін айтқан болатын.

Трамп жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде әкімшілігінің Ирандағы жағдайды мұқият бақылап отырғанын және жалғасып жатқан шерулер кезінде жүздеген адамның қаза тапқаны туралы хабарлардан кейін өте қатаң шаралар қарастырып жатқанын айтты.

Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясынан Вашингтонға қайтар жолда Трамп: «Армия жағдайды зерттеп жатыр, біз де өте қатаң шараларды қарастырудамыз. Бір шешім қабылдаймыз», - деді.

Трамп сондай-ақ АҚШ-тың қашан, қай жерде немесе қалай әрекет ететіні жөнінде нақты мәлімет бермей, Иранға қатысты сағат сайын ақпарат алып отырғанын жеткізді.

Ирандағы наразылықтар

Иранда экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты желтоқсан айының соңынан бері наразылықтар жалғасып келеді.

АҚШ-та орналасқан «HRANA» адам құқықтарын қорғау ұйымы 490 шеруші мен 48 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанын, 10 600-ден астам адамның тұтқындалғанын хабарлады. Алайда Иран тарапынан адам шығынына қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

АҚШ маусым айында болған Иран-Израиль соғысы кезінде Иранның үш маңызды ядролық нысаны Фордо, Натанз және Исфаханға әуе шабуылдарын жасаған болатын.

Трамп жаппай интернет істен шыққан Иранда интернетке қолжетімділікті қайта қалпына келтіру жолдарын қарастырып жатқанын және бұл мәселе бойынша Илон Маскпен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты