Түркия Республикасы Ұлттық Қорғаныс Министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Анкара мен Париж арасындағы әскери ынтымақтастық шаралары аясында жоғары деңгейдегі кездесулер өтті.
Осы шеңберде Франция Қарулы күштері мен Ардагерлер министрі Элис Руфо, Франция Президентінің Әскери арнайы канцелярия жетекшісі армия генералы Венсан Жиро және Халықаралық қатынастар мен стратегия бас директоры Гийом Олланьемен ауқымды келіссөз жүргізілді.
Кездесулерде екіжақты қорғаныс және әскери қарым-қатынастардың қазіргі жай-үйі мен стратегиялық диалог үдерістері талқыланды. Тараптар қорғаныс өнеркәсібі мен әскери саладағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін бағалай отырып, жүйелі әрі нәтижеге бағытталған байланыстарды сақтаудың маңыздылығын растады.
Кездесулердің ең басты нәтижесі «Қорғаныс ынтымақтастығының жол картасына» қол қойылуы болды. Бұл қадам екі ел арасындағы қорғаныс өзара іс-қимылын жаңа деңгейге көтеріп, стратегиялық диалогты институционалдық негізге отырғызуды көздейді.
Аталған келісім соңғы кезеңде Түркия мен Франция көшбасшылары тарапынан берілген оң жолдаулардың қорғаныс саласындағы нақты ынтымақтастыққа айналғанын көрсетті. Жол картасы арқылы екі елдің өзара мүдделеріне негізделген стратегиялық ынтымақтастықты тереңдету және аймақтық қауіпсіздік мәселелерінде тығыз диалог механизмін іске қосу мақсаты қойылған.






















