ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иран Кувейттің мұнай танкеріне соққы берді
Дубайда шикі мұнай тиелген Кувейттің “Al Salmi” кемесі Иранға тиесілі болуы мүмкін дрон шабуылынан кейін зақымданды. Билік өкілдері мұнай төгілмегенін хабарлады.
Иран Кувейттің мұнай танкеріне соққы берді
Мұрағаттық сурет. Кувейт қаласынан оңтүстікке қарай 40 шақырым жердегі портта шикі мұнай тиелген мұнай танкері. 2008 жылдың шілде айы. / AP

Кувейт мұнай компаниясы сейсенбі күні Дубай портында тұрған Кувейттің алып шикі мұнай танкері “Al Salmi”  ирандық өндірістегі ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылына ұшырағанын хабарлады.

Компанияның мәліметінше, танкерге жергілікті уақытпен 00:10-да шабуыл жасалған.

Кувейттің KUNA ақпарат агенттігі жариялаған мәлімдемеге сәйкес, шабуыл салдарынан танкер корпусы зақымданып, өрт шыққан.

Дубай медиа кеңсесі оқиға салдарынан ешкімнің зардап шекпегенін және танкердегі 24 экипаж мүшесі аман екенін хабарлады.

Дубай билігі жедел әрекет ету топтары «жағдайды бақылауға алғанын» және мұнай төгілмегенін хабарлады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Таяу Шығыстағы соғыс мұнай жеткізіліміне ең ауыр соққы болды
Іздеу
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Сирия сыртқы істер министрі Пәкістанға барды
Ирак мұнайының тасымалы артып, Түркияның өңірдегі ықпалы күшеймек