ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль 11 палестиналықты босатты
Тұтқындар босатылғаннан кейін медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.
Израиль 11 палестиналықты босатты
Израиль 11 палестиналықты босатты / AA

Тұтқындарды ақпараттандыру кеңсесінің мәліметінше, Газада ұсталған 11 палестиналық бірнеше айға созылған қамаудан кейін босатылды.

Мәлімдемеде тұтқындардың Газаның оңтүстігіндегі бір шекара өткелінде босатылғаны, алайда денсаулық жағдайына қатысты нақты мәлімет берілмегені айтылды. Сондай-ақ босатылғандардың медициналық тексеруден өту үшін Халықаралық Қызыл Крест комитеті арқылы Дейр әл-Балах қаласында орналасқан Әл-Ақса шейіттері ауруханасына жеткізілгені хабарланды.

Бұған дейін Израиль армиясы босатқан палестиналық тұтқындар ауыр зардап шегіп, дұрыс тамақтанбағандарын және ауыр жарақат белгілері болғанын жеткізген болатын. Мұның қамауда болған кезеңде көрген азаптаулардың салдары екенін айтқан.

Израиль 13 қазанда ХАМАС-пен жасалған атысты тоқтату және тұтқын алмасу келісімі аясында 2 мыңға жуық палестиналық тұтқынды босатқан. Олардың шамамен 1 700-і Газадан.  Сол кезде босатылғандардың көпшілігінің денсаулық жағдайы нашар болғаны байқалып, олардың біразы Израильдің қамау орталықтарында азаптауға, аштыққа ұшырағандарын айтқан.

Палестиналық және израильдік адам құқықтарын қорғау ұйымдарының дерегінше әлі күнге дейін 10 мыңнан астам палестиналық Израильде қамауда отыр. Араларында әйелдер мен балалар да бар. Құқық қорғаушылар тұтқындардың азаптау, аштық және медициналық көмектің көрсетілмеуімен бетпе-бет келіп отырғанын, мұндай жағдайдың көптеген тұтқынның өліміне әкелгенін атап өтті.

Іздеу
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Ресейдің Новороссийск қаласында бензин таусылды
Францияда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артты
Пәкістанда автобус шатқалға құлап, ондаған адам қаза тапты
Пәкістанда екі үйдің шатыры опырылып, 4 адам қаза тапты
Австралияда «H5N1» құс тұмауына қатысты тағы бір күдікті жағдай анықталды
Газада кемінде 21 мың бала қаза тапты
Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2595 адамға жетті
Түркия Сириядағы шабуылды айыптады
Дамаскіде жарылыс болды