САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Нобель сыйлығының лауреаты Наргиз Мохаммади түрмеден босатылды
2023 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығының иегері Наргиз Мохаммади Зенджан қаласында 10 күн ауруханада жатты.
Нобель сыйлығының лауреаты Наргиз Мохаммади түрмеден босатылды
Нобель сыйлығының лауреаты Наргиз Мохаммади түрмеден босатылды / AP

Иран билігі денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты алаңдаушылықтың артуына орай Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты Наргиз Мохаммадиді кепілдікпен босатты. Мохаммади астана Тегерандағы ауруханаға жеткізілді.

Мохаммадинің қоры “X” желісі арқылы мәлімдеме жариялап, «Нобель Бейбітшілік сыйлығының иегері Наргиз Мохаммади Зенджанда 10 күн ауруханада жатқаннан кейін түрме жазасын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Жедел жәрдеммен тасымалдау жұмыстары аяқталып, қазіргі уақытта ол емделу үшін Тегерандағы «Парс» ауруханасында жатыр», — деп хабарлады.

Сонымен қатар мәлімдемеде адвокаты Мұстафа Нилидің сөзіне сілтеме жасалып, билік медициналық ем қабылдауы үшін жазасын өтеуді уақытша тоқтатқаннан кейін Мохаммадидің жексенбі күні Зенджан ауруханасынан шығарылғаны атап өтілді.

Мохаммадидің Парижде тұратын жұбайы Таги Рахмани де “X” желісінде әйелінің «Парс» ауруханасына ауыстырылғанын растады.

Иранда өткен жылы еске алу рәсімі кезінде қамауға алынған Наргиз Мохаммади ақпан айында Мешхед соты тарапынан «Мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасау мақсатында жиналу және сөз байласу» айыбымен 6 жылға, «насихаттық әрекет» айыбымен 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, қосымша жаза ретінде 2 жылға шетелге шығуға тыйым салу және 2 жылға жер аудару жазасына кесілген болатын. Мохаммади осы айдың басында денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жатқызылған еді.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты