ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Вагнер тобы үш жылдан астам уақыттан кейін Малиден шығатынын жариялады
"Telegram-дағы" мәлімдемесінде Вагнер "миссия аяқталды" деп мәлімдеді.
Вагнер тобы үш жылдан астам уақыттан кейін Малиден  шығатынын жариялады
/ AA

Ресейдің жеке әскери компаниясы Вагнер Батыс Африкадағы Мали елінен шығып, үш жылдан астам уақытқа созылған операцияларын аяқтағанын хабарлады.

Аталмыш топ «Біз жергілікті патриоттарға өз жерін қорғай алатын мықты әрі тәртіпті армия құруға көмектестік. Барлық аймақтық астаналар заңды биліктің бақылауына қайтарылды», – деп мәлімдеді.

Әскери топ сонымен бірге «Біз жылдар бойы бейбіт тұрғындарды үрейлендіріп келген мыңдаған содыр мен олардың қолбасшыларын жойдық», – деп өз сөзін толықтырды.

Сахел аймағында орналасқан Мали елі 2012 жылдан бері көтерілістерден зардап шегіп келеді.

Вагнердің орнына Рейдің “Африка корпусы” барады

Елдегі әскери хунта Франция және басқа серіктестермен байланысын үзгеннен кейін Ресейден қолдау сұраған болатын.

Вагнердің мәлімдемесіне қарағанда, Ресейдің Батыс Африкадағы болмысы жалғасады. Бұл ретте Ресейдің мемлекеттік бақылауындағы “Африка корпусы” Мали елінде жұмысын жалғастырады.

Биылғы жылы Мали, Буркина-Фасо және Нигер елдері, әскери билік орнаған үш мемлекет, Батыс Африканың аймақтық “ECOWAS” блогынан ресми түрде шықты.

Олар өздерінің жаңа блогын – Сахел мемлекеттерінің альянсын құрды.

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді