Сәрсенбі күні Чилиде мыңдаған студент Хосе Антонио Каст үкіметінің бюджет шығындарын қысқарту саясатына қарсы ұйымдастырылған ірі шеруге қатысып, Сантьяго қаласының орталығына жиналды.
Бастапқыда бейбіт өткен наразылық шеруі кейін қауіпсіздік күштерімен қақтығысқа ұласып, кемінде 25 адам жарақат алды. Олардың 12-сі полиция қызметкерлері.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, наразылар тас пен таяқ қолданып, қоғамдық мүлікке зиян келтірілген. Полиция халықты таратуға тырысқан.
Оқиғаларға байланысты Сантьяго орталығындағы бірнеше метро станциясы уақытша жабылып, қала бойынша көлік қозғалысында айтарлықтай іркілістер байқалды.
Наразылық президент Хосе Антонио Касттың 18 ай ішінде мемлекеттік шығындарды шамамен 6 миллиард долларға қысқартуды және министрліктер бюджетіне орта есеппен 3 пайыздық қысқарту енгізуді көздейтін жоспарға қарсы бағытталған.
Студенттер бұл шаралар білім беру саласына ауыр соққы болады деп есептейді. Олардың айтуынша, қаржыландырудың қысқаруы мектеп, университет және мемлекеттік қызметтердің жұмысына кері әсер етуі мүмкін.
Шерушілер талаптар орындалмаған жағдайда жаппай шеруді жалғастыратындарын мәлімдеді.



















