ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ливанның оңтүстігіне жасалған Израиль шабуылынан үш журналист қаза тапты
«Анадолы» агенттігі тілшісінің хабарлауынша, Израильдің бір көлікті нысанаға алған әуе шабуылынан кейін «Al-Manar TV» мен «Al-Mayadeen» тілшілері және бір оператор қаза тапты.і.
Ливанның оңтүстігіне жасалған Израиль шабуылынан үш журналист қаза тапты
Ливанның оңтүстігіне жасалған Израиль шабуылынан үш журналист қаза тапты / AA

«Анадолы» агенттігі тілшісінің мәліметінше, Ливанның оңтүстігіндегі Джеззин қаласының маңында Израильдің әуе соққысы бір көлікке тиіп, салдарынан үш журналист мерт болды.

Қаза тапқандардың арасында «Al-Manar TV» тілшісі Әли Шуайб, «Al-Mayadeen» тілшісі Фатима Фатуни және бір оператор бар. Израиль армиясы Әли Шуайбтың өлтірілгенін мойындағанымен, қалған екі журналистің өліміне қатысты қандай да бір пікір білдірмеді.

Бұған дейін Ливанның Ұлттық ақпарат агенттігі Джеззиндегі әл-Барад жолында бір көлікке Израильдің әуеден соққы бергенін хабарлаған болатын, бірақ егжей-тегжейлі мәлімет бермеген еді.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль сенбі күні таң атқаннан бері 42 елді мекенді, қала мен аймақты (көбінесе оңтүстікте) әуеден және артиллериядан атқылаған. 2 наурызда басталған Израильдің Ливанға қарсы шабуылында, Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, кем дегенде 1142 адам қаза тауып, 3315 адам жараланды.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?