Түрік Әскери теңіз күштері Сенегалда оқу-жаттығу өткізді

Түркияның Қорғаныс министрлігі Әскери теңіз күштері жеке құрамының Сенегал Қарулы Күштерін оқыту және қолдау мақсатында қызмет атқарып жатқанын мәлімдеді.

By
Түрік Әскери теңіз күштері Сенегалда оқу-жаттығу өткізді / AA

Түркия Республикасының Ұлттық қорғаныс министрлігі Әскери теңіз күштері жеке құрамының Сенегалда іздестіру-құтқару дайындығын өткізу мақсатында ұшу тапсырмаларын орындағанын хабарлады.

Сейсенбі күні түріктің «NSosyal» әлеуметтік медиа платформасында жарияланған мәлімдемеде министрлік «Әскери теңіз күштерінің жеке құрамы Сенегалдың жауапкершілігіндегі іздестіру-құтқару аймағында оқу-жаттығу өткізу және Сенегал Қарулы Күштеріне қолдау көрсету үшін қызмет етуде», — деп көрсетті.

Министрлік сондай-ақ «Осы аяда оқу-жаттығу ұшулары Сенегалдың әуе кеңістігі мен теңіз юрисдикциясы аймақтарында жүзеге асырылуда. Ынтымақтастық пен сенімді нығайту мақсатында 2026 жылғы 12 наурызда сенегалдық ұшу экипаждарының қатысуымен «Барлау, бақылау және теңіз инспекциясын қолдау» рейстері орындалды», — деп толықтырды.