ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуропаның соңғы төрт жыл ішінде екінші ірі энергия дағдарысына тап болғанын айтып, таза энергияға жылдам көшуге және қазба отындарға тәуелділікті азайтуға шақырды.
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады / Reuters

Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуропа 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы басталғалы бері Еуропаның мұнай мен газ импортына қосымша 32 миллиард доллар жұмсауға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

ҚатыстыИранға қарсы жасалған шабуыл нені білдіреді? - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Берлинде өткен баспасөз мәслихатында ол Еуропаның тағы бір күрделі энергия дағдарысына тап болып отырғанын айтып, Еуропа Одағы елдері бұдан сабақ алуы тиіс екенін жеткізді.

Ол: «2022 жылы Владимир Путин газ жеткізуді тоқтатты, енді мәселе Ормуз бұғазына келіп тірелді. Шетелден алынатын қазба отындарға шамадан тыс тәуелділік — біздің осал тұсымыз. Бұл тәуелділікті азайтуымыз керек», - деді.

Сондай-ақ Еуропа елдерін сенімді энергиямен қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздерін кеңейтіп, шағын модульдік реакторлармен қатар ядролық технологияларды дамыту қажет екенін атап өтті.

«Еуропада өндірілген әрбір киловатт-сағат энергия экономикалық тұрақтылыққа, энергияның қолжетімді болуына және Еуропаның тәуелсіздігіне ықпал етеді», - деді Фон дер Ляйен.

Иранға қатысты санкциялар мәселесіне тоқталған ол: «Санкцияларды жеңілдетуге әлі ерте. Ол үшін Иранда түбегейлі өзгерістер болуы қажет», - деді.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті