САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Сирия Сувейдадағы өлім жазасына қатысты шұғыл тергеу бастады
Оңтүстік аймақта әскери форма киген адамдардың жазалауы бейнеленген видеолар жарияланғаннан кейін Сирияның Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері оқиғаға қатысты тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.
Сирия Сувейдадағы өлім жазасына қатысты шұғыл тергеу бастады
/ Reuters
 

Мемлекеттік “SANA” ақпарат агенттігінің сейсенбі күні таратқан мәліметіне сәйкес, Сирия Қорғаныс министрлігі елдің оңтүстігінде орналасқан Сувейда аймағында жасалған жазалау әрекеттеріне байланысты кінәлілерді анықтау мақсатында арнайы тергеу комиссиясы құрылғанын хабарлады.

Бұл мәлімдеме әскери форма киген белгісіз тұлғалардың Сувейда қаласында адамдарды жазалап жатқанын көрсеткен бейнежазбалардың интернетте тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырғанынан кейін жарияланды.

Министрлік өз мәлімдемесінде: «Сувейда аймағында әскери форма киген белгісіз топ жасаған бұл қорқынышты және аса ауыр заңбұзушылықтарға қатысты ақпараттар Қорғаныс министрі Мерхеф Әбу Касраның нұсқауымен мұқият зерттелуде», – деді.

Мәлімдемеде аталған әрекеттерге қатысы бар тұлғалардың байланыстары мен өткен әрекеттері зерттелетіні және кінәлілер анықталғаннан кейін ең ауыр жазалар берілетіні айтылды.

Министр Мерхеф Әбу Касра: «Бұл заңбұзушылықтарға қатысы бар адамдар Қорғаныс министрлігіне тиесілі болса да, ешбір жағдайда кешірім жасалмайды», – деді.

Қақтығыстар мен зорлық оқиғалары

Сирия Ішкі істер министрлігі де сейсенбі күні таңертең оқиғаға байланысты жедел тергеу басталғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Сирия Президенті әкімшілігі де жауаптылардың шені қандай болса да, жауапқа тартылатынын ескерткен болатын.

Сувейдадағы алғашқы қақтығыстар 13 шілдеде бәдеуин араб тайпалары мен қаруланған дүрзі топтарының арасында басталып, артынша зорлық-зомбылық бүкіл аймаққа жайылды.

Көп ұзамай Израиль Сирияның әскери нысандарына, соның ішінде Дамаск маңындағы инфрақұрылымдарға әуе соққыларын жасады.

Израиль бұл шабуылдарды дүрзі қауымын қорғау мақсатымен жасағанын мәлімдеді. Алайда Сириядағы көптеген дүрзі көсемі шетелдік араласуға мүлде қарсы екенін айтып, біртұтас Сирия мемлекетін қолдайтынын білдірді.

Бірнеше күнге созылған қақтығыстардан кейін сенбі күні атысты тоқтату режимі жарияланды.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»