ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түрік әуе жолдары өз тарихындағы ең ұзақ тікелей рейсті орындады
«Ювентус» командасын Австралияның Перт қаласынан Италияның Турин қаласына жеткізген “Boeing 777-300ER” ұшағы шамамен 13 мың 800 шақырым қашықтықты 16 сағат 27 минутта еңсерді.
Түрік әуе жолдары өз тарихындағы ең ұзақ тікелей рейсті орындады
«Ювентус» делегациясын Австралиядан Италияға жеткізген THY-ге тиесілі ұшақ шамамен 13 мың 800 шақырымдық қашықтықты 16 сағат 27 минутта ұшып өтті.

“Turkish Airlines” (THY) компаниясының Италияның А сериясында өнер көрсететін “Ювентус” клубының Австралиядағы турнесі аясында орындаған арнайы чартерлік рейсі әуе компаниясы тарихындағы ең ұзақ тікелей рейс ретінде тіркелді.

“Flightradar24” әуе рейстерін бақылау сайтынан алынған мәліметке сәйкес, «Ювентус» командасын Австралияның Перт қаласынан Италияның Турин қаласына жеткізген TC-LJE тіркеу нөмірлі “Boeing 777-300ER” ұшағы шамамен 13 мың 800 шақырым қашықтықты ұшып өтті.

Перттен әуеге көтерілген ұшақ шамамен 16 сағат 27 минуттан кейін Туринге жетті.

Бұл операция ұшу ұзақтығы мен жүріп өткен қашықтығы бойынша THY осы уақытқа дейін орындаған тікелей рейстер арасында жаңа рекорд ретінде тіркелді.

Операцияда пайдаланылған TC-LJE тіркеу нөмірлі ұшақ «Ювентус» командасын алып кету үшін бұған дейін Стамбулдан Пертке TK3700 рейсімен шамамен 14 сағат 30 минут ұшқан болатын.