Түркі мемлекеттері арасында электрондық сауда мен цифрлық қызметтер жеңілдейді
Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше елдер цифрлық экономика саласындағы әріптестік туралы келісім арқылы электрондық сауда, цифрлық қызметтер және трансшекаралық деректерге негізделген экономикалық қызметтердегі кедергілерді жоюды көздеуде.
Түркі мемлекеттері арасында электрондық сауда мен цифрлық қызметтер жеңілдейді
Түркі Мемлекеттері Ұйымы
 

Сауда министрлігінің мәлімдеуінше, «Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Цифрлық экономика жөніндегі әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы заң» Ресми газетте жарияланды.

Осылайша Түркия Әзербайжан мен Өзбекстаннан кейін келісім бойынша ішкі бекіту рәсімін аяқтаған үшінші ел болды. Мәлімдемеде Қырғызстан мен Қазақстан да ішкі ратификациялау рәсімдерін аяқтағаннан кейін келісім күшіне енетіні айтылды.

Министрлік келісімнің электрондық сауда, цифрлық қызметтер және трансшекаралық деректерге негізделген экономикалық қызметтердегі кедергілерді жоюға, оларды жеңілдетуге және ортақ ережелерді енгізуге бағытталғанын хабарлады. Бұл цифрлық экономика саласында ықпалдасқан әрі болжамды ынтымақтастық алаңын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ құжат түркі әлеміндегі сауда және технологиялық ықпалдастықты нығайтып, кәсіпорындардың цифрлық нарыққа қолжетімділігін жеңілдететін инновациялық технологияларды қолдануды ынталандыруға және өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.

 

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»