САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ватикан Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» қосылмайды
Ватиканның жоғары лауазымды дипломатиялық өкілі: «Халықаралық деңгейдегі дағдарыстық жағдайларды басқаруы тиіс негізгі мекеме БҰҰ болуы керек. Бұл біз табандылықпен алға тартып отырған мәселелердің бірі», — деді.
Ватикан Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» қосылмайды
Ватикан Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» қосылмайды / AA
18 Ақпан 2026

Ватиканның ең жоғары дипломатиялық өкілі, кардинал Пьетро Паролин АҚШ президенті Дональд Трамптың «Бейбітшілік кеңесі» бастамасына қосылмайтындарын мәлімдеді. Сонымен қатар Паролин дағдарыстық жағдайларды басқару Біріккен Ұлттар Ұйымына жүктелуі тиіс екенін айтты.

Паролин сейсенбі күнгі мәлімдемесінде Қасиетті Тақ «басқа мемлекеттердің сипатына сай келмейтін өзіндік ерекше табиғатына байланысты Бейбітшілік кеңесіне қатыспайтынын» жеткізді.

“Бізді алаңдататын мәселе, — деді Паролин, — халықаралық деңгейдегі мұндай дағдарыстық жағдайларды ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымы басқаруы тиіс екендігі.”

Қаңтар айында АҚШ тарихындағы тұңғыш папа және Трамптың кейбір саясаттарын сынаушы Папа Леоға кеңеске қатысу туралы шақыру жіберілген болатын.

Трамптың қазан айындағы атысты тоқтатуға негіз болған Газа жоспары аясында бұл кеңес Газаның уақытша басқаруын қадағалау үшін құрылған. Трамп кейінірек бұл кеңесті өзі төрағалық ететіндей етіп, жаһандық қақтығыстармен айналысатын деңгейге дейін кеңейтетінін айтқан еді. Кеңес Газаны қайта қалпына келтіру мәселелерін талқылау үшін бейсенбі күні Вашингтонда алғашқы отырысын өткізеді.

Бейбітшілік кеңесі Еуропа, Таяу Шығыс, Шығыс Азия және Латын Америкасындағы АҚШ-тың жақын одақтастарынан тұрады. Италия мен Еуропалық Одақ кеңеске мүше болмағандықтан, өз өкілдерін бақылаушы ретінде жіберуді жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.

Мексика толық мүшеліктен бас тартты

Осы арада Мексика президенті Клаудия Шейнбаум сейсенбі күні мәлімдеме жасап, Бейбітшілік кеңесінде Палестина өкілдерінің болмауына байланысты Газадағы атысты тоқтату жоспарын қадағалайтын АҚШ бастаған бұл топқа толық мүше ретінде қатыспайтынын айтты.

Баспасөз мәслихатында ол «Біз Палестинаны мемлекет ретінде танитындықтан, Израильдің де, Палестинаның де қатысуы маңызды. Кеңес бұлай ұйымдастырылмаған», — деді.

Шейнбаум Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісін бақылаушы ретінде жіберетінін жеткізді.

«Бізді бақылаушы ретінде қатысуға шақырды, егер мүше болмасақ, бақылаушы ретінде қатысуымызды сұрады. Сыртқы істер министрімен бірге БҰҰ-дағы елшіміздің бақылаушы ретінде қатысуы туралы шешім қабылдадық», — деп қосты ол.

Шейнбаум Израильдің Газаға және Палестина халқына бағытталған жалғасып жатқан шабуылдарын «геноцид» деп атап, Палестинаны қолдайтынын және «екі мемлекетті шешімге» шақыратынын білдірді.

Іздеу
Иран АҚШ-ты келіссөздерді бұзды деп айыптады
Газада ұн дағдарысы
Анталия жаһандық дипломатияның маңызды алаңына айналмақ
АҚШ Иранмен қақтығысқа қолдау білдірмеген бірқатар НАТО елінен әскери күштерін әкетпек
Ирандық дипломат АҚШ пен Израильдің «террористік» шабуылынан кейін қаза тапты
Ресей Пасха мерeкесіне орай Украинамен атысты тоқтату режимін жариялады
Ресей 1 000 украин сарбазының мәйітін қайтарды
Иран байыту бағдарламасына қандай да бір шектеу қойылуын қабылдамады
Грузия-Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған “C-130” ұшағынан жарылғыш зат табылмады
Түркияның бұрғылау кемесі Сомалиде тарихи миссиясын бастады
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран сынағын өткізді
Бурханеттин Дуран: «НАТО заманауи құрылымдық соғыс қаупіне қарсы қайта қалыптасуы тиіс»
Пәкістан Израильді айыптады
БҰҰ Бас хатшысы Израильдің Ливанға шабуылдарын айыптады
Израиль 6 апталық үзілістен кейін Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін қайта ашады