ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия мен Оман басшылары аймақтық шиеленісті талқылады
Режеп Тайып Ердоған телефон әңгімесінде Иранмен соғыстың бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік дағдарысына әкелу қаупі бар екенін ескертіп, дипломатиялық әрекеттерді жалғастырудың маңызын атап өтті.
Түркия мен Оман басшылары аймақтық шиеленісті талқылады
Түркия мен Оман басшылары аймақтық шиеленісті талқылады / Reuters

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Оман сұлтаны Хайсам бин Тарик телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтық мәселелерді талқылады.

Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесіне сәйкес, Ердоған телефон әңгімесінде «Иранға жасалған шабуылдар және Иранның өңірдегі бауырлас елдерге қарымта әрекеттері аймақты бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік дағдарысына әкелуі мүмкін. Оманға бағытталған шабуылдар да қабылданбайды», – деді. Президент дипломатиялық бастамалардан бас тартпағандарын айтты.

Сонымен қатар Ердоған Беньямин Нетаньяху үкіметінің басып алынған Шығыс Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітіне мұсылмандардың кіруіне кедергі келтіруін «қабылдауға болмайды» деп бағалап, Газадағы халықтың әлі де гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін атап өтті. Сондай-ақ Бейбітшілік кеңесінің жұмысы екі мемлекетке негізделген мақсат аясында жалғасуы тиіс екенін жеткізді.

ҚатыстыИзраиль шектеулеріне байланысты Әл-Ақса мешіті босап қалды - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Телефон әңгімесінде  Ердоған Хайсам бин Тарикты айт мерекесімен құттықтады.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді