ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израильдің Батыс Шерияға жасаған шабуылынан сегіз палестиналық жараланды
Израильдік заңсыз қоныстанушылар басып алынған Шығыс Иерусалим мен Калкилия маңында палестиналықтарға шабуыл жасады. Израиль күштері Наблус маңында бір палестиналық ер адамды соққыға жықты.
Израильдің Батыс Шерияға жасаған шабуылынан сегіз палестиналық жараланды
Израильдің Батыс Шерияға жасаған шабуылынан сегіз палестиналық жараланды / Reuters
 

Палестинаның ресми дереккөздерінің хабарлауынша, басып алынған Батыс Шерияның түрлі аймақтарында израильдік заңсыз қоныстанушылар мен Израиль күштерінің шабуылдарынан кемінде сегіз палестиналық жараланды.

Басып алынған Шығыс Иерусалим әкімшілігінің мәліметінше, қаланың солтүстік-шығысындағы Маази Джаба бәдәуи қауымына заңсыз қоныстанушылар басып кіріп, үш палестиналықты жаралаған.

Шабуылдаушылар әйелдер мен балаларға және жергілікті тұрғындарға күш қолданып, көліктерді зақымдаған. Сондай-ақ заңсыз қоныстанушылар мен оларға еріп жүрген Израиль күштері бірнеше тұрғын үй мен мал қораны өртеген.

Палестинаның ресми «Wafa» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, басып алынған Батыс Шерияның солтүстігіндегі Калкилия аймағына қарасты Имматин ауылында заңсыз қоныстанушылар төрт палестиналыққа ағаш таяқтармен және тастармен шабуыл жасап, ауыр жарақаттаған.

Шабуылдар, рейдтер және ауыл шаруашылығы алқаптарына келтірілген зиян

Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамының мәліметінше, Наблустың оңтүстігінде де күш қолдану оқиғалары тіркелді. Израиль күштері Усарин ауылында 50 жастағы палестиналықты соққыға жыққан.

Кейін Израиль күштері ауылға басып кіріп, тұрғын үйлер орналасқан көшелерге көп мөлшерде көзден жас ағызатын газ бен дыбыстық гранаталар лақтырған.

Дженинде израильдік заңсыз қоныстанушылар Аджа қалашығы маңындағы палестиналықтарға тиесілі ауыл шаруашылығы алқаптарына зиян келтіріп, жергілікті шаруалардың зәйтүндерін ұрлаған. Сондай-ақ ағаштардың бұтақтарын әдейі зақымдаған.

Палестинаның Қабырғаға және қоныстандыруға қарсы күрес комиссиясының мәліметінше, израильдік заңсыз қоныстанушылар 2023 жылдың қазанынан бері басып алынған Шығыс Иерусалиммен қатар Батыс Шерия аумағына 14 742-ден астам шабуыл жасаған. Бұл шабуылдардан кемінде 66 палестиналық қаза тапқан.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»