МӘДЕНИЕТ
1 ... минут оқылды
Мысырда 3 500 жылдан астам тарихы бар патшалық қабір табылды
Археологтар Мысырдың Екінші аралық кезеңіне жататын патшалық қабір мен Рим дәуіріне тиесілі қыш шеберханасын анықтады.
Мысырда 3 500 жылдан астам тарихы бар патшалық қабір табылды
/ AA

Мысырдың Туризм және көне жәдігерлер министрлігі Пенсильвания университетінің мысырлық-америкалық бірлескен археологиялық тобы елдің оңтүстігіндегі Абидос қаласында орналасқан Джебель Анубис некрополінен Екінші аралық кезеңге жататын патшалық қабірді тапқанын хабарлады.

Министрліктің мәлімдемесіне сәйкес Мысырдың Жоғарғы көне жәдігерлер кеңесіне қарасты басқа археологиялық топ Сохаг провинциясына қарасты Банавит ауылынан Рим дәуіріне тиесілі қыш шеберханасын анықтады.

"Абидос қаласындағы патшалық қабірдің табылуы Джебель Анубис некрополіндегі патша жерлеулерінің даму тарихына қатысты жаңа ғылыми дәлелдер ұсынады" делінген хабарламада. Аталған қабірлер б.з.д. 1700-1600 жылдарға тиесілі екені көрсетілген.

Банавиттегі қыш шеберханасының көне дәуірде өңірге қыш және шыны өнімдерін жеткізетін ең ірі өндіріс орталықтарының бірі болғаны айтылуда.

Министрлік бұл жаңалықтардың тек Мысырдың туристік әлеуеті мен ежелгі өркениетін әлемге танытып қана қоймай, зерттеушілер үшін де аса маңызды деректер беретінін мәлімдеді.

Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр