ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Пәкістанның солтүстігінде жеті адам қаза тапты
Гилгит-Балтистанда сел зақымдаған су арналарына жөндеу жүргізген бір топ жұмысшы көшкіннің астында қалды. Құтқарушылар аман қалғандарды іздестіруде.
Пәкістанның солтүстігінде жеті адам қаза тапты
/ AP

 Пәкістанның солтүстігінде дүйсенбі күні таңертең ерте су арналарына жөндеу жүргізген бір топ жұмысшы көшкіннің астында қалды, кемінде жеті адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті билік өкілі хабарлады.

Жергілікті үкіметтің өкілі Файзаулла Фарактың айтуынша, Даниор қаласында сел зақымдаған су арнасын жөндеп жатқан үш адам жарақат алған.

Құтқару топтары үйінді астында қалған қаза болғандар мен жараланғандарды шығару үшін бірнеше сағат бойы жұмыс істеді.

Биіктігі 8 мың метрден асатын бес шың орналасқан Гилгит-Балтистан өңірі маусым айының соңынан бері жауын-шашын мен сел салдарынан 17 адамның өмірін қиған апаттармен күресуде. Жергілікті телеарна жүргізушісі де бар бірқатар туристің жоғалып кеткені хабарланды.

Жексенбі күні өңірде болған мұздық көл тасып, Пәкістанды көрші Қытаймен байланыстыратын Қарақорым тас жолының бір бөлігін шайып кетіп, көптеген үй мен қоғамдық ғимаратты қиратқан.

Ұлттық апаттарды басқару агенттігінің мәліметінше, 26 маусымнан бері ел бойынша жауын-шашынға байланысты апаттардан 300-ден астам адам қаза тапқан, ал жараланғандардың саны 700-ден асады.

Муссон жаңбырлары әдетте Пәкістанды ауыр шығында ұшыратады.  Климаттың өзгеруі, соның ішінде мұздықтардың еруіне байланысты соңғы жылдары бұл жауын-шашындардың қарқыны артып, болжануы қиындап отыр.

Іздеу
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
Қаратеңіз жағалауындағы дрон шабуылынан екі түрік теңізші жараланды
Президент Ердоған Ирак премьер-министрімен сөйлесті
Түркі мемлекеттері арасында электрондық сауда мен цифрлық қызметтер жеңілдейді
Польша президенті Түркияға сапарлай келеді
“Иран МАГАТЭ инспекторларының елге қайта кіруіне келісім берді”
Францияда аптап ыстық
Украина: «Воронеждегі зымыран бөлшектерін шығаратын зауытқа соққы жасадық»
Түркияның электр қуаты 125 мың 598 мегаватқа жетті
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Әзербайжанда кездесу өткізді
Швейцариядағы Иран-АҚШ келіссөздерінде не шешілді?
Грек соты төрт түрікті соттады
Мәскеу әуежайлары уақытша жабылды