ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль армиясы Сирияға кірді
Адам құқықтарын қорғау ұйымдары Израиль күштерін Сирияның оңтүстігіндегі жергілікті халықты күштеп көшірді деп айыптады.
Израиль армиясы Сирияға  кірді
/ Reuters

Сирияның ресми бұқаралық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, Израиль армиясына тиесілі әскери техника Голан жоталарында орналасқан бітім шекарасы ішіндегі Кунейтра уәлаятының Жубата әл-Хашаб және Уфания елді мекендеріне кірген.

Жергілікті басылымдар Израиль күштерінің Сирияның оңтүстігіндегі екі қалаға басып кіріп, үйлерді тінтігенін, әскерлер үйлердің шатырына шығып, халық арасында үрей туғызғанын хабарлады.

Адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық бақылау ұйымы (HRW) өз мәлімдемесінде: «2024 жылдың желтоқсанынан бері Сирияның оңтүстігіндегі кейбір аймақтарды басып алған Израиль армиясы соғыс қылмысы саналатын күштеп көшірумен қатар бейбіт тұрғындарға қарсы көптеген құқық бұзушылық жасады», – деді.

Адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымның хабарлауынша, Израиль армиясы үйлерді қиратқан, бейбіт тұрғындардың мүлкін тартып алып,  күнкөріс көздеріне қол жеткізуге кедергі келтірген. Сондай-ақ кейбір адамдарды Израильге алып кеткен.

Сирияның мемлекеттік телеарнасы сәрсенбі күні таңертең Израиль армиясының бірнеше үйге жасаған рейд және тінту операциясы кезінде Кунейтраның буферлік аймағындағы және оған жақын ауылдардан 4 ер адамды алып кеткенін хабарлады.

Мемлекеттік БАҚ-тың мәліметінше, осы айдың басында Израиль армиясы сол өңірде жеті адамды алып кеткен. Израиль армиясы бұл адамдардың ұсталып, тергеу үшін Израильге жеткізілгенін растады.

Баспасөздегі жаңалықтарға қатысты Израиль армиясы әзірге түсініктеме берген жоқ.

2024 жылдың соңында Башар Асад режимі құлағаннан кейін Израиль Голан жоталарындағы қарусыздандырылған буферлік аймақты басып алып, оккупациясын кеңейтті. Осылайша 1974 жылы  жасалған келісімді бұзды.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды