ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Президент Ердоған Түркияның сұраныс түскен жағдайда дос әрі одақтас елдердің де қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз етіп жатқанын айтты.
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Ердоған Түркияның Шанлыурфа қаласындағы Шанлыурфа GAP әуежайында өткен Авиация, ғарыш және технологиялар фестиваліне қатысуда, 2026 жылғы 3 қазан. / AA

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерін жалғастырып жатқанын және секторда «толық төңкеріс жасап жатқанын» мәлімдеді.

Шанлыурфада өткен «TEKNOFEST Güneydoğu» фестивалінде сөз сөйлеген Ердоған Түркияның қорғаныс өнеркәсібінде бағындырған биіктеріне назар аударып, қолда бар жетістіктерді одан әрі ілгерілететіндерін білдірді.

«Түркия ретінде қорғаныс өнеркәсібіндегі табыстарымызды еселей түсудеміз. Бұл салада толық төңкеріс жасап жатырмыз», — деген Ердоған салада қызмет ететін 4 мың 500-ден астам компания мен 100 мыңнан астам қызметкердің Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының координациясымен әуе, құрлық, теңіз және ғарыш салаларында жобаларды жүзеге асырып жатқанын айтты.

Ердоған отандық және ұлттық мүмкіндіктермен әзірленген қорғаныс өнімдерінің, бағдарламалық жасақтамалардың, платформалар мен жабдықтардың Түрік Қарулы күштері мен қауіпсіздік құрылымдарының арсеналына енгенін, Түркияның өтiнiш түскен жағдайда дос әрі одақтас елдердің де қорғаныс мұқтаждықтарын өтеп жатқанын атап өтті.

Түркия өз достарының нығаюын өзінің қуатының артуы деп санайтынын жеткізген Ердоған қорғаныс саласындағы позицияларын жаңа рекордтармен және бәсекеге қабілеттілігі жоғары, қосымша құны мол платформалармен одан әрі нығайтуды мақсат ететіндерін білдірді.

ҚатыстыTRT Қазақ - «TEKNOFEST» 4 қазанға дейін жалғасады

Ердоған бір кездері қорғаныс өнеркәсібінде 80 пайызға жуық шетелге тәуелді болған Түркияның бүгінде әлемдегі 11-ші ең ірі қорғаныс өнеркәсібі экспорттаушысы деңгейіне көтерілгенін атап өтті.

Түркияның тек тамыз айында 511,4 миллион долларлық қорғаныс және авиация өнімдерін экспорттағанын атап өткен президент Ердоған қаңтар-тамыз кезеңіндегі қорғаныс және авиация экспортының өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,2 пайызға артып, 6,3 миллиард долларға жеткенін айтты.

Ердоған Түркияның жаңа рекордтар жаңартып, бәсекеге қабілеті жоғары, қосымша құны мол жаңа платформаларды әзірлеу арқылы қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерін одан әрі шыңдай түсетінін мәлімдеді.

«TEKNOFEST» фестивалінің мыңдаған жылдық ғылым, мәдениет және өркениет мұрасына ие Шанлыурфада өтуінің мәні зор екенін баса айтқан Ердоған бұл қаланың медицина, математика, астрономия, геометрия, физика және философия салаларында маңызды ғалымдарды тәрбиелеп шығарғанын еске салды.

Бұл тұрғыда Ердоған Баттани, Синан бин Сабит, Ибн Васиф әл-Харрани және Юнус әл-Харрани сияқты ғұламалармен бірге Гөбеклитепеге де ерекше тоқталып өтті.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Сыртқы істер министрі CICA-ның 7-ші Саммитінде сөз сөйледі
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Президент Ердоған: "Түркия Сауд Арабиясының жанында"
Бельгия Түркиямен өнеркәсіп және инвестиция салаларында ынтымақтастықты нығайтуға шақырды
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
Коммуникация басқармасы төрағасы Дуран Израиль Қорғаныс министрі Кацтың мәлімдемелеріне жауап берді
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Президент Ердоғанның Палестинаға қолдауы жалғасып келеді
Түркия 2027 жылы алғашқы "HÜRSAT"  бақылау спутнигін ұшыруды мақсат етеді
Канада премьер-министрі Түркияға алғаш рет сапарлай келеді