ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ким АҚШ-ты ядролық қарусыздану талабынан бас тартуға шақырды
Ким егер АҚШ шынымен бейбітшілікті қаласа, Пхеньянның келіссөз үстеліне отырмауына еш себеп жоқ екенін атап өтті.
Ким АҚШ-ты ядролық қарусыздану талабынан бас тартуға шақырды
Ким ядролық қару жасауды маңызды мәселе деп атады / AP Archive

«KCNA» мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын «Егер Вашингтон Кореядан  ядролық қарудан бас тартуды талап етуді қойса, Пхеньян АҚШ-пен диалогтан қашпайды», - деді.

«KCNA» таратқан хабарға сәйкес, жексенбі күні Жоғарғы халық жиналысында сөйлеген сөзінде Ким АҚШ Президенті Дональд Трампқа қатысты әдемі естеліктерін әлі ұмытпағанын жеткізді. Екі көшбасшы Трамптың алғашқы президенттік мерзімі кезінде үш рет кездескен болатын.

Ким: «АҚШ бізді ядролық қарусыздандыру жөніндегі қисынсыз әуестігін бір шетке ысырып, шындықты мойындаса және шынымен бейбітшілікті қаласа, АҚШ-пен келіссөз үстеліне отырмауымызға еш негіз жоқ»,- деді.

Ол сондай-ақ АҚШ пен Оңтүстік Корея тарапынан келетін қауіп-қатерлерден елді қорғау үшін ядролық қару өндірудің маңызды екенін атап өтті.

Ким Вашингтон мен Сеулдің Солтүстік Кореяны әлсіретіп, режимін жоюға бағытталған түпкі ниеті өзгермегендіктен соңғы диалог ұсынысын қабылдамағанын мәлімдеді. Ол Оңтүстік Кореяның Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын кезең-кезеңімен тоқтату жөніндегі ұсынысын бұған айқын дәлел ретінде келтірді.

Бейбітшілік бастамалары

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён маусым айында қызметке кіріскелі Пхеньянмен диалогтың қажет екенін айтып, бейбітшілік бастамасын көтерді. Ол сенім қалыптастыру және Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтату үшін ұсыныс тастады.

Ли Солтүстікті келіссөз үстеліне қайта тарту үшін дұрыс жағдай жасау керектігін және бұл талпыныстарда Трамптың негізгі рөл ойнайтынын айтты.

Сарапшылардың пікірінше, Кимнің ядролық бастамасы Вашингтонды Солтүстік Кореяны ядролық держава ретінде мойындауға мәжбүрлеп, сондай-ақ экономика мен қауіпсіздік салаларында келіссөз жүргізуді көздейді.

Сондай-ақ Ким АҚШ ықпалын әлсіретуді мақсат ететін жаңа әріптестік аясында одақтастары Ресей және Қытаймен ынтымақтастықты нығайтып, сауда және қауіпсіздік келіссөздерін арттыруға тырысуда.

Солтүстік Корея АҚШ-пен тікелей келіссөз жүргізуге ұмтылып жатқан кезде Сеулде түбектегі ядролық шиеленісті азайтуға бағытталған болашақ келіссөздерде өз күшін жоғалтып алу қаупі бар деген алаңдаушылық күшейіп келеді. Бұл алаңдаушылық өткен жылы Ким Солтүстік Кореяның Оңтүстікпен бейбіт бірігу мақсатын тоқтатқанын, Оңтүстікті дұшпан ретінде бекіту үшін ел конституциясын қайта жазу жөнінде бұйрық бергеннен кейін одан сайын артты.

 

 

 

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды