ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Жойқын жер сілкінісі: Ауғанстанда  қаза тапқандар саны 1400-ге жетті
Апатта 3200-ден астам адам жараланып, 8000-нан аса үй қирағаны хабарланды.
Жойқын жер сілкінісі: Ауғанстанда  қаза тапқандар саны 1400-ге жетті
/ AA

Ауғанстандағы уақытша үкіметтің өкілі жексенбі түні елдің шығысында болған жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 1 400-ден асқанын мәлімдеді.

Ауған Қызыл Жарты ай қоғамы сейсенбі күні X платформасында жариялаған хабарламасында кемінде 3 251 адамның жараланғанын және жер сілкінісінің 8 000-нан аса үйдің қирауына себеп болғанын атап өтті.

Бұл апат соғыс пен дағдарыстан зардап шеккен елдегі үшінші ірі зілзала болды.

АҚШ Геологиялық зерттеулер қызметі жер сілкінісінің жергілікті уақытпен 23:47-де болғанын хабарлады. Зілзала Джелалабадтан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде 8 шақырым тереңдікте тіркелді.

Жер сілкінісінен ең қатты зардап шеккен аймақ — Кунар провинциясы. Кунардағы уақытша ауған билігінің өкілі Абдул Ғани аймақта құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты.

Ғани: «Әлі де көптеген адам үйінді астында қалғандықтан қаза тапқандар саны көбеюі мүмкін», - деді.

Сондай-ақ Ғани Нур Гал, Савки, Уатпур, Маноги және Чапа Дара аудандарында ондаған үйдің қирағанын қосты.

Ауған уақытша үкіметі дүйсенбі күні аймаққа гуманитарлық жүк пен медициналық топ жібергенін, сондай-ақ Кабулдан қосымша көмектің жолға шыққанын мәлімдеді.

Пәкістан, Иран, Қытай және Үндістан секілді көрші елдермен қатар, Батыс мемлекеттері де Ауғанстанға көмек беруге уәде етті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде жолдардағы зақым апат аймақтарына жетуге кедергі болып отырғанын хабарлады.

Таулы аймақтарда құтқару жұмыстары тікұшақтар арқылы жүргізілуде.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр